«Жазғы демалыс кітаппен бірге» шығармашылық алаң

«Ашық аспан астындағы кітапхана» аясында Атамекен ауылдық кітапханасы кішкентай оқырмандарымен «Жазғы демалыс кітаппен бірге» шығармашылық алаңын өткізді. Іс-шара барысында «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесі көрсетілді. Сонымен қатар қызықты жұмбақтар, мақал-мәтелдер өткізіліп, кітап туралы әртүрлі танымды ақпараттар берілді. Балалар қызыға отырып ертегі оқып, өздерінің жан жақты шығармашылық қыр-сырларын көрсетіп, әртүрлі ұлттық, спорттық ойындарын ойнап, таза ауада бір сергіп қалды. Іс-шара көңілді және танымды өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған