«Жемқорлықсыз қоғамға қадам», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты профилактикалық әңгімелер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие бойынша іс-шаралар аясында «Парасат жолы» бұрышында Наурызбай батыр ауылы және Баянбай ауылы жоғары сынып оқушылары үшін «Жемқорлықсыз қоғамға қадам», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты профилактикалық әңгімелер өткізді. Іс-шара барысында балалар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік туралы, сондай-ақ қоғамдағы құқыққа бағынушылық өмір сүру қажеттілігі және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік туралы білді. Бүгінде барлық азаматтық топтардың жауапкершілігінсіз сыбайлас жемқорлықпен күресу мүмкін емес. Балалардың назарына адалдық пен парасаттылыққа шақыратын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық парақтар мен буклеттер ұсынылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған