«Абайды бірге оқиық» библиожолаушы акциясы (Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына)

Абайдың дүниетанымын насихаттау және оның рухани мұрасына баулу, оқырмандарды тарту және оқуды жылжыту мақсатында,17 ақпанда Бурабай ОКЖ-нің  қызметкерлері Абайдың 175 жылдығына орай «Абайды бірге оқиық!» атты библио-жолаушы акциясын Бурабай теміржол вокзалында

өткізді.Абай өлеңдері, қара сөздері және афоризмдері бар түрлі-түсті Ақпараттық-библиографиялық буклеттер алдын ала әзірленіп, басып шығарылды.Акцияға қатысушыларға сұрақтарға жауап беру, Абайдың ұнаған өлеңдерін оқу ұсынылды. Сонымен қатаржолаушыларға ақпараттық буклеттер таратылды Акцияға тек жастар ғана емес, ересектер де қатысты.

Бұл күні қатысқан жастардың басым бөлігі акцияны жылы қабылдады, қатысушылар сұрақтарға қуана жауап берді, ақынның өлеңдерін оқыды. Акция біздің “библиожолаушыларымызға” Абай шығармашылығы жаңа сезімдер мен эмоцияларға серпіліс береді, құпия тілектерді тудырады, өзін-өзі дамытуға және рухани азық алуға баулиды деген ойға келуге мүмкіндік берді деп үміттенеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған