«Автор және оқырман»

Әдеби жобасы

Жоба мақсаты  – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, өлкеміздің әдебиетін насихаттау, Ақмола өңірінде ақын-жазушылардың, тарихшылардың, қоғам қайраткерлерінің өмір жолы мен шығармашылығын дәріптеу, автор мен оқырман арасындағы байланысты орнату, қітап қорын өлке әдебиеттерімен толықтыру болып табылады.

Жоба жаңашылдығы: Жоба негізінде өлкенің  ақын-жазушыларының кітаптары «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы  аясында сандық көшірмеге көшіріліп, авторлық келісім-шарт жасалынады.

Жоба жетекшісі: Орталық аудандық кітапхана қызметкері.

Күтілетін нәтиже:

– оқырмандар саны көбеюі;

– кітап қорының насихатталуы;

– кітапқа деген қызығушылықты орнату;

– өлкетану базасы жинақталады

«Еркіндік лебі ескен жыр» атты Бурабайлық ақын  Серікбай Әбілмәжінмен кездесу кеші

Жобаның алғашқы қонағы- ақын Серікбай Әбілмәжін оқырмандармен кездесіп, өз шығармашылығы жөнінде ой бөлісті. Бұл кешіміз сыр-сұхбат, еркін форматында өтіп, керемет әсер қалдырды.

Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында автор Серікбай Әбілмәжінмен авторлық келісім-шартқа қол қойылды

«Өлең-өмір айнасы» атты  ақын,журналистЖайнарбек

  Заңдыбайұлымен  кездесу кеші

Бұланды ауданынан келген, ақын, журналист Жайнарбек Зандыбайұлымен кездесу кеші өтті. Кездесу кеші барысында автор өз шығамашылығын таныстырып, рухты өлеңдерін оқып, алғашқы қалам ұстаған жылдарынан бастап бүгінгі шығармашылық жолымен ой бөлісті.

Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында автор  Жайнарбек Заңдыбайұлымен  авторлық келісім-шартқа қол қойылды.

«Дала ақыны» еске алу  кеші

«Автор және оқырман» жобасы аясында  жерлес ақын Нұрмияш Көбеновтың шығармашылығына арналған «Дала ақыны» атты еске алу  кеші өтті. Кеш жүргізушісі Махаббат Оразалина ақынның өмір-баянымен, шығармашылығымен таныстырып, жоғары педагогикалық колледжінің студенттері ақынныңөлеңдерін оқыды.

«Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында автордың шығармашылығын сандылық көшірмеге көшіру мақсатында авторлық келісім-шартқа ұлы   Кемел Нұрмияшұлы қол қойды.

«Арыстай ұлы едің Арыстың»  Онлайн шолу

Аудандық кітапхана ақын-жазушы Оңалбек Кенжебековтың шығармашылығына арналған жаңа форматта онлайн-шолу өткізді. Кітапханашы Махаббат Оразалина   өмірі мен шығармашылығына тоқталып, сатирик ақын, журналист, ҚР жазушылар одағаның мүшесі Оңалбек Кенжебек туралы  мәлімет берді. Автордың кітаптарынан кітап көрме ұйымдастырылып,   түрлі баспа беттерінде жарық көрген, мақалалары мен өлеңдері енгізілді.

«Ғұмыр – дария» атты жергілікті ақын Тортай Садуакасовтың шығармашылығына арналған онлайн шолу

Жоба аясында көптеген жергілікті, аймақтық ақын- жазушылармен, оқырмандарымызбен тікелей кездесу кештерін өткізіп, сұхбаттасқан болатынбыз. Жаңа форматта  онлайн  түрінде  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»   ақын, журналист, филолог, ҚР  «Жазушылар одағының мүшесі» Бурабай ауданының  «Құрметті азаматы» Тортай Садуакасовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғұмыр-дария» атты онлайн шолу өткізілді.

Жоба өзінің жалғасын әлі де табады. Ауданымыздың  және аймақтың ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері, тарихшыларымен оқырмандарға таныстырып, шығармашылығын насихатап, жастардың рухани байуына жол ашуға септік етеміз . Жобаның басты мақсаты да сол болмақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған