Әлемнің екінші ұстазы

Ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің

туғанына 1150 жыл

Щучинск қаласы, 2020 жыл

Алғы сөз

Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби –  ұлы ғұлама, энциклопедист, түркі, ислам философиясының жарық жұлдызы, әлем философиясының заңғар тұлғаларының бірі. Өзінің асқан білімділігі мен ғұлама ғалымдарылығының арқасында әлемге танымал болған Әбу Насыр Әл-Фарабиді әлем ғалымдары мойындап, Аристотельден кейінгі Шығыстан шыққан «Әлемнің Екінші Ұстазы» деп мойындағалы қанша заман өтті. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор. Ойшыл екі жүзге жуық философиялық және ғылыми трактат жазып қалдырды.

Ұлы ойшыл, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің  1 150 жылдық мерейтойына орай кітапхана қызметкерлеріне әдістемелік құрал дайындалды.

Ақыл-парасат адамға ең биік

кемел-ойға жету үшін берілген.

Әбу Насыр Әл-Фараби

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әәл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» деп аталады. Оның атақты «Музыка туралы үлкен трактат» деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топикасы» және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.

Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғалымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.

Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды. 

         Әбу Насырәл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО аясында аталып өтеді.

         2007 жылы Ақжан әл-Машанидің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Сонда қазақ халқы ұлы тұлғаларының есімдерін әл-Фараби мен әлМашани деп үлкен құрметпен бірауыздан атағанына барлығымыз да куә болдық. Академик Салық Зиманов Ақжан әл-Машаниге «Бүгінгі күннің тірі жүрген Фарабиі», – деп баға беруі де ғалымның ұзақ жылдарға ұласқан ізденісінің жалпыхалықтық тұрғыдан мойындалғаны деп түсінеміз. Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани – әл-Фараби мұраларын зерттеуге жарты ғасырлық ғұмырын арнап, әлемнің екінші ұстазын туған еліне «қайтарып», оның Отаны бүгінгі қазақ жері екенін өзінің нақты ізденісімен ғылыми тұрғыдан дәлелдеген патриот ғалым.

         Қазақ даласы Отырарда дүниеге келіп, түркілік дүниетанымның мүмкіндігін әлемге паш еткен Әбу Насыр әл-Фараби адамзаттың кемелдікке деген үздіксіз ұмтылысын бейнелейді! Батыс пен Шығыстың өркениеттер аралық  сұхбаттастық идеалына жақындай түсуіне жағдай жасайды. Әлемдік өркениетте өз орнын ойып алған ұлы жерлесіміз әл-Фараби іліміне қайта оралу, танып білу, ұлт мүддесіне жарату – таусылмас рухани азық, баға жетпес рухани құндылық.

Әбу Насыр Әл-Фарабидің нақыл сөздері

  • «Егер адамдар бақытқа жету жолында бір-біріне  қол созып, көмектесетін болса, жер бетінде қайырымдылық сезімі қанат жаяды»
  • Замандастырының бірі философтан сұрапты: «Дүниедегі ең ұлы адам Аристотель ме, болмаса сізді айтамыз ба?» дейді.

 Сонда Әбу Насыр:

  • «Егер мен Аристотель заманында дүниеге келсем, онда оның көп шәкірттерінің бірі болып қалар едім!».   
  • «Ақыл – парасат адамға ең биік кемел-ойға жету үшін берілген»
  • «Шын білім – ақиқат, анық білім».

Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әлемнің екінші ұстазы –Әбу Насыр Әл-Фараби», Әл-Фараби-шығыстану ғылымының өкілі» тарихи-танымдық іс-шаралар, «Әл-Фараби әлемі» оқырман конференциясы, «Әл-Фарабидің рухани әлемі» әдеби кеш, «Қазақ ойшылы,ғұлама ғалым Әл-Фараби» портрет кешітерін, танымдық сағаттар ұйымдастыруды ұсынамыз.

Шығармалары:

Әбу Насыр Әль-Фараби Қайырымды қала. Музыка туралы кітап: Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: RS Халықаралық Абай клубы, 2018. – 936 б.

Әбу Насыр Әл-Фараби Таңдамалы трактаттары. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 656 б. 

Әл-Фараби философиясы. Жиырма томдық. 2-том. – Астана: Аударма. – 480 б.

Әл-Фараби философиясы. Жиырма томдық. 3-том. – Астана: Аударма, 2005. – 496 б.

Әбу Насыр Әл-Фараби. Он томдық шығармалар жинағы. 1-том. Метафизика. – Астана: ТОО «Лотос – Астана», 2007. – 336 б.

Әбу Насыр Әл-Фараби. Он томдық шығармалар жинағы. 3-том. Логика. –Астана: ТОО «Лотос – Астана», 2007. – 368 б.

Әбу Насыр Әл-Фараби Он томдық шығармалар жинағы. 4-том.Әлеуметтік философия. Этика, Эстетика: – Астана: Лотос, 2007. – 296 б.

Әбу Насыр Әл-Фараби10- томдық шығармалар жинағы. 6-том. Ғылым (математика және жаратылыстану). – Астана: Лотос, 2007. – 304 б.

Әбу Насыр Әл-Фараби10-томдық шығармалар жинағы. 8-том.Музыка туралы үлкен кітап: – Астана: Лотос, 2008. – 360 б.

Әбу Насыр Әл-Фараби

Музыка туралы үлкен кітап: 10-томдық шығармалар жинағы. 9-том. – Астана: Лотос, 2008. – 384 б.

         Әбу Насыр Әл-Фараби. Он томдық шығармалар жинағы. 10-том. Әл-Фараби мұрасы: қазақстандық философиялық зерттеулер (1991-2008). – Астана. ТОО «Лотос – Астана», 2009. – 432 б.  

Өмірі мен шығармашылығы туралы:

Көбесов А. Әл-Фараби. – Алматы: «Қазақстан», 1971. – 172 б.

Көбесов А. Әл-Фарабидің ашылмаған әлемі: Көмекші оқу құралы. – Алматы: «Санат», 2002. – 176 б.

Қазақ халқының философиялық мұрасы: Фарабитану. Жиырма томдық. 16-том. – Астана: Аударма, 2006. – 440 б.

Құл-Мұхаммед М. Әл-Фараби. Тарих, тұлға, уақыт. – Алматы: «Аруана», 2006. – 96 б.

Машани А. Әл-Фараби көпірі: Мақалалар, «Әл-Фараби» романы. – Алматы: «Алатау» баспасы, 2015. – 352 б.

Машани А. Көп томдық шығармалар жинағы. 11-том. Жаңа дәуір. Шындық шыңы ғылымда. – Алматы: «Алатау» баспасы, 2009. – 320 б.

Машани А. «Әл-Фараби космологиясы» // Көп томдық шығармалар жинағы. 12-том. Қадір түнгі ойлар. – Алматы: «Алатау» баспасы, 2009. – 280 б.

Машани А. Әл-Фараби және ислам // Көп томдық шығармалар жинағы. 15-том. Өгізханның қолтаңбасы. – Алматы. «Алматы-Болашақ» баспасы, 2011. – 432 б.

Машани А. Әл-Фараби және музыка // Көп томдық шығармалар жинағы. – 16 том. . – Алматы: «Алматы-Болашақ» баспасы, 2011. – 416 б.

Машани А. Әл-Фараби және Абай. Т,2. – Алматы: «Алатау» баспасы, 2005. – 296 б.

Алтаева Ж. Әл-Фарабидің отанында оның мұрасын зерделейтін ғылыми институт болуы қажет // Қазақ әдебиеті. – 2019. – 1 қараша.

Жұмат-Әлмашұлы Ж. Әлемдік ойдың алыбы: ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби туралы // Егемен Қазақстан. – 2019. – 1 қараша.

Абильдин Ж. Время и культура: Размышления философа. – Алматы: «Алаш», 2003. – 480 с.

Нысанбаев А.Н., Курмангалиев Г.К., Коянбаева Г.Р.и др. Аль-Фараби и развитее восточной философии. – Астана: Елорда, 2005. – 320 с. 

Возвращение Учителя: о жизни и творчестве Фараби. – Алма-Ата: «Жазушы», 1975. – 200 с.

Сатыбекова С.К. Гуманизм Аль-Фараби. – Алма-Ата: «Наука», 1975. – 144 с.

Таукелев А.Н., Сапаргалиев Г.С. Государственно-правовые взгляды Аль-Фараби. – Алма-Ата: Наука, 1975. – 102 с.

Құрастырған: Бурабай ауданы ОҚЖ

библиографы: А.Қ.Абдыгужина

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған