Қазақтың хас батырлары. Ғылыми-танымдық энциклопедиялық жинақ / құрастырушылар: Тасболатов А.Б., Мұсаев Т.Қ. – Алматы: «Ел – шежіре» баспасы, 2020. – 400 бет

Қазақ тарихының әрбір белесінде халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы болған, асқан ерлік көрсеткен азаматтар халық батыры атанған. Қазақ ұлтының бағына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан.Ұлт содан аман қалған. Қазақ жері солардың арқасында жаудың қолында кетпеді. Осылайша, қазіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, атамекенімізді батыр бабаларымыз ұлы жорықтарда білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Тәуелсіздіктің бағасын таразылағанда қазақ батырлары жасаған тарихи ерлікті қадірлеуіміз қажет. Тұңғыш рет ұсынылып отырған қазақ батырлары туралы осы толымды топтамадан оқырман қауым ел тарихында баға жетпес із қалдырған ержүрек батырлардың өмір жолы мен күрескерлігін жаңа, тың қырынан тани алады. Топтамаға материалдар жинақтауда қазақ батырлары туралы шығармалар, Қазақстанның барлық облыстары ұсынған батырлар туралы деректер пайдаланылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған