Телеуова З. Құлаған үйдің құпиясы / Зияш Телеуова. Нұр-Сұлтан:Фолиант, 2019.-144 бет.

Жасөспірімдерге арналған бұл шытырман оқиғаға толы шығарма қала балаларының өмірін суреттейді. Сегізінші сыныптың оқушылары қысқы, жазғы демалыста жүріп, түрлі оқиғалардың куәсі болады. Бірінші – «Ит жоғалған күн» оқиғасы. Итін жоғалтқан Кәрім мен достары жоқ іздеп жүріп, құлаған үйдің жертөлесіне қоныс тепкен  діни секта мүшелерін діни рәсімдерін өткізу үшін қамауда тұткын ұстайды. Жертөлеге түскен Кәрім оның үстінен шығып, құтқару әрекеттерің жасайды. Жергілікті полицияның көмегімен тыңшылар өзге діни ағымның іс-әрекеттерін әшкерелейді. Бұл шытырман оқиғалардың басты кейіпкерлері – Кәрім, Бану, Аян, Айбектің өзара достығы, үлкендерге мейірімділігі, кішіге ізеттілігі, айналада  болып жатқан  оқиғаларға сергектігі қазіргі жас жеткіншетерді адамгершілікке, достыққа, қоғамдағы түрлі қылмыс көріністеріне немқұрайды қарай алмауға үйретеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған