3. бағыт «Мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтардың дамуы»

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Мақсаты: Үдемелі эволюциялық даму мақсатында қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты кеңейту

Арнайы жоба:

1. «Құқықтық мәдениет»

«Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы

Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл                                             Биылғы жыл Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды. Ел тұрақтылықтың, толеранттылықтың және табысты экономикалық дамудың кепілі – Конституцияның 25 жылдығын атап өтуде.                                                                                                                      Осы айтулы күнге орай  Бурабай ОКЖ-сі  өзінің  парақшасында Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде бірқатар онлайн іс-шараларды ұсынды.       Жоспарланған іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасы.

Конституциясының 25 жылдығына арналған афиша ұсынылды. Балалар кітапханасы ҚР Конституциясының 25 жылдығына «Айбары асқақ Ата Заң» онлайн ақпаратын ұсынып, бала құқықтары заңы бойынша отбасылық тәрбие, бала мүддесі жайлы ақпарат берді.                       

Златополье ауылдық кітапханасы ҚР Конституциясының 25 жылдық мерей тойы күніне арнап  слайд- презентациясын ұсынды. Коституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік бере отырып, Ата Заң – заңның негізі екенін атап өтті.   Ақылбай ауылдық кітапханасы осы мерекеге орай « Перечитывая страницы основного закона» тарихи интерактивты сағатын өткізді. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік ережелерлерді жастардың бойына сіңіру , сыйлауға тәрбиелеу мақсатында.

Сондай-ақ, біздің Отанымыздың гүлденуіне деген жылы лебіздерімен, тілектерімен,  оқырмандар мен біздің Бурабай орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері «Тұғыры биік- Ата заң » бейне құттықтауларын ұсынды.                                                                                                   «Без истории нет настоящего, без настоящего нет будущего» атты онлайн танымдық сағатын Наурызбай ауылдық кітапханасы ұсынды. Ата заңымыз – елдігіміздің еңсесі екенін айта келе, осы жылдар ішінде мемлекетіміз даму жолында, әлеумметтік салада зор жетістіктерге жеткенін жеткізді.

Балалар кітапханасы, Қатаркөл ауылының кітапханаларынын кішкентай оқырмандары  Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Конституция күні» поэтикалық бейне құттықтауларын ұсынып,  балалар өлең-тілектерін мәнерлеп оқыды.  Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай «Ата Заңым- азат елдің айбары» атты онлайн-шолу тікеле тікелей  эфирде өтті, орталық аудандық  кітапхана «Қазақтың  ата заңдары», үш бөлімнен тұратын кітап көрмесіне шолу жасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған