Абдыгужина А.Қ.«Сандық форматтағы кітапхана ресурстары»

Көкше, Бурабай өлкесін өлең жырға қосқан Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай және де басқа тұлғалардың мол рухани қазынасы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. Осы асыл мұралар  ғaсырдaн ғaсырға aдaмзaт тaрихының кeруeнін сүрiндiрмeй әкeлe жaтқaн шырaғы биiк, пaрaсаттылық пeн бiлiмдiліктiң, бiлiктiліктiң киeлі oрдaсы кітапханалар қорында сақтаулы. Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және көркемөнері. Өлкетану әдебиеттерін жинақтап, насихаттау – кітапхана жұмысының негізгі бағыты.

Бүгiнгi тaңдaғы қoғaмдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Заманауи қоғам – ақпараттық технологиялар заманы. Ақпараттық, мәдени-ағарту орталығы болып табылатын заманауи кітапхана – бұл мәдениеттің, ғылымның әлеуметтік институты және кітапхана саласындағы озық технологиямен жұмыс жасауда.  

Цифрлық дәуірге қадам басқан кезеңде кез келген салада жаңа технологияларға деген қажеттіліктің артуы заңдылық. Кітапханалар жүйесінде цифрландырудың маңызы зор. Біріншіден, бұл оқырмандардың сұранысын өтесе, екіншіден құнды кітаптардың көпшілікке қолжетімділігін арттырады.

Электронды кітапхана құру және құ­жаттарды сақтау мақсатында кітапхана қо­рын цифрлы форматқа көшіру – заманауи кітапхананың даму бағытындағы негізгі басымдығы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасына сәйкес, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, сонымен қатар,  «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобаларын іске асыру мақсатында, «БІРІҢҒАЙ ОНЛАЙН-КІТАПХАНАСЫН» құру арқылы мемлекеттік кітапханалардың кітапханалық қорын электронды форматқа аудару жұмыстары қарастырылған.

  Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» «Өлкетану қоры – сандық форматта» атты жоба бойынша өлкетану қорындағы дәстүрлі кітаптарды электронды форматқа көшіру жұмыстарын жүргізуде.

Жобаның  мақсаты – өлке  тарихы  бойынша қорларды  сақтау,  Ауданнан шыққан атақты тұлғалардың есімін ұлықтау, өлкетану деректер базасын құру, қорды өлкетану әдебиеттермен толықтыру, оқырмандар санын көбейту, «цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру. Кітапхана пайдаланушыларына кітапхананың  құнды  өлкетану басылымдарымен  қамтамасыз  ету.   Жазба мұраларын сақтау мақсатында қордағы құжаттарды сандық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде. Өлкетану бағытындағы әдебиеттермен таныстыру болып табылады.  

Жерлес ақын-жазушылармен авторлық келісім-шартқа отырып,    дәстүрлі кітаптардың электронды көшірмесі кітапхана сайтына орналастырылады. Кітапхана сайтында: Өлкетанану әдебиеті, Цифрлық Қазақстан жобасы бөлімінде  орналасқан. Атап айтар болсақ, өлкетану қорынан  жерлес ақын жазушылар Тортай Сәдуақасовтың 2 томдық өлеңдер жинағы, агроном-ақын Нұрмияш Көбеновтың «Дала самалы», «Дүбірлі дала», «Көкше» өлеңдер жинағы,  ақын Серікбай Әбілмәжіннің «Үркертолғақ», «Саршатамыз» өлеңдер жинағы, «Таңғажайып өлке – Бурабай – волшебный край» Бурабай ауданы туралы энциклопедия, Зубов В.А. «Бурабай – жемчужина Казахстана», Михайлов В.Ф. «Бурабай. Боровое. Borovoye»: (Путевые очерки), Тришечкин А. «Боровое. Бурабай. Синегорье» т.б. кітаптар.

Аталмыш электронды көшірмелер Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың электрондық депазийтариіне тапсырылды. Бурабай ОКЖ-нің директоры Н.Қ.Рамазанова мен АОӘҒК директоры Т.К.Ибраевпен келісім-шартқа қол қойылды. Алдағы уақытта, дәстүрлі кітаптармен қатар, аудандық «Бурабай», «Луч» газеттерінің электронды көшірмесін жасап, оқырмандарға ұсынатын боламыз.

Аталмыш жоба қаламгерлер мен оқырмандардың арасын жалғайтын алтын көпірдің баспалдағы десек те болады. Кітапханаға келіп-кету көп уақыт алады, ал электронды кітаптарды  кітапхана сайтынан burabaitsbs.site қашықтықтан оқи алады. Біздің бүгінгі міндетіміз – қашақтықтағы оқырмандарды тартатын ақпараттық сервистерді дамыту. 

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің                         библиографы А.Қ.Абдыгужина

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған