«Ажырамас достар – Әкем, анам, мен және кітап» оқырман қалауы ағашы

«Ұрпақтар жалғастығы» жобасы аясында, Ақылбай ауылдық кітапханасында «Ажырамас достар – Әкем, анам, мен және кітап» тақырыбында оқырман қалауы ағашы акциясы өткізілді. Кітапханаға келген әрбір адам белгілі бір түсті стикермен желімдеу арқылы өздері қалаған әдебиет жанрын бейнеледі. Ағаш өте тез гүлдеді. Қорытындылай келе, келесі нәтижелер анықталды: оқырмандардың 46% ертегілерді, 14% детективтер мен тарихи әдебиеттерге дауыс берді, респонденттердің 10% анықтамалық әдебиеттер мен махаббат романдарын, 8% мерзімді басылымдарды оқиды.Акция сәтті өтіп, оқырмандардың ықыласына бөленіп, кітапхананың нағыз көркіне айналды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған