«Латынға көшу: болашақ таңдауы» ZOOM платформасында сұхбат кеші

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, Қазақстандық патриотизм құндылықтары арқылы патриот ұрпақ тәрбиелеу мақсатында қалалық №2, №3 филиал кітапханашылары «Латынға көшу: болашақ таңдауы» ZOOM платформасында сұхбат кешін өткізді. Кеш барысында Бурабай ауданының Тілдерді оқыту орталығының директоры Махметова Жанар Қайыртайқызы «Латын әліпбиіне көшу –жарқын болашақ үшін қажет» баяндамасымен, орталықтың әдіскері Мадиева Айман Қарабайқызы «Жаңа мақұлданған әліпбидегі өзгешеліктер» бейне слайд арқылы мәлімет берді. Іс-шараға Жоғарғы педагогикалық колледж студенттері, кітапханашылар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Барлығы 38 адам қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған