18 наурыз – «Игі істер күні». Наурыз мейрамы қарсаңында қайырымдылықты кеңінен насихаттау мақсатында Бурабай орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бастамасымен Щучинск қаласының кәсіпкері Магомед Юсупович 7 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана Болатовтар отбасына демеушілік жасады. ОКЖ-нің кітапханашылары сыйлықтар табыс етіп, Наурыз мерекесімен құттықтады.
