«Жеті атаны білген ұл – жеті жұрттың қамын жер» онлайн тарихи кеш

16 наурыз – Шежіре күніне орай орталық аудандық балалар кітапханасы қазақ халқының дәстүрлі салт – санасында ата-тектің жалғасуын реттейтін қасиеттін білу, жеті атасын, руын, шыққан тегін үйретуге тәрбиелеу мақсатында «Жеті атаны білген ұл – жеті жұрттың қамын жер» атты онлайн тарихи кешін ұсынады. Кеш барысында ата – бабамыздан қалыптасып, жалғасып келе жатқан күні бүгінге дейін жеті ата, тектілік жайында, шыққан тегін білуі, ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, көшпелі өмірдің келбетіне айналған салт-дәстүрдің ескірмеген салттың бірі – бата жайлы сөз қозғалды. Щучинск қаласының тұрғыны Баядилов Рысбек Байтасұлы, балалар өнер мектебінің оқушылары және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған