«Наурыз – табиғаттың қайта түлеп, жаңаратың кезі» экологиялық акция

15 Наурыз – Жайлау күні. Айнала табиғатпен біте қайнасып өмір сүру көшпелі қазақ дүниетанымының бір бөлігін құраған. Сол себепті ұлық мерекеде жаратылысты аялау мақсатында табиғат аясында бір күн өткізу маңызды. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық, зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді және денсаулығын жақсартады. Адамдар табиғат аясында серуен құрып қана қоймай, сонымен қатар ондағы қоқысты тазартып, тал егіп, көшет отырғызады.

Бурабай ОКЖ кітапханалары «Наурыз – табиғаттың қайта түлеп, жаңаратың кезі» экологиялық акция өткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған