“Көрісу үлгілері” этнографиялық бейне

Ұлыстың Ұлы күні деп аталатын Наурыз мейрамы қазақ елі үшін киелі де қасиетті мереке. Бұл күн жаңару мерекесі, көктемгі күн мен түннің теңелетін күніне сәйкес келетін жаңа жылдың басталуы-бұл махаббаттың құлпыру мен достықтың салтанат құруы. 14 наурыз- Көрісу күні,Амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әр бір отбасы алдын ала дайындап қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендерге қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне “бір жасыңмен”, “бір жаска есеюіңмен”, “осы жылға аман-есен жетуіңмен” деген тілек білдіреді.

Аудандық кітапхананың кітапханашылары қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып дастархан басында көрісу мерекесінің халық қыстан аман есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысып, өкпе реніш ұмтылып, кешірілетінін айтып, көрсетілім ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған