«Алғыс айту-асыл қасиет» бейне құттықтау

Бүгін 1наурыз- «Алғыс айту күні». Бұл мереке 2016 жылдан бастап атап өтілуде. Алғыс айту- ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.Тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болды. «Алғыс айту күні» Қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени сан-алуандығымыздың жарқын күні , себебі Елбасы 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің Біртұтас Ұлтымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғанын атап өтті.

Назарларыңызға Бурабай ОКЖ- нің «Алғыс айту күніне» арнаған «Алғыс айту-асыл қасиет» бейне құттықтауы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған