ZOOM платформасында «Бурабай ОКЖ-нің қызметіне талдау және даму болашағы» қорытынды семинары

Бурабай ОКЖ –де ZOOM платформасында  «Бурабай ОКЖ-нің қызметіне талдау және даму болашағы» қорытынды семинары өтті. Күн тәртібі бойынша Бурабай ОКЖ-нің 2020 жылғы  жұмыстарын талдау және даму үрдісі бойынша есеп беру. Бурабай ОКЖ-нің директоры  Н.Қ.Рамазанова баяндамасын жасап, әдістемелік-библиографиялық бөлімнің жетекшісі З.Қ.Уразалимова жылдық ақпараттық есеп бойынша талдау жүргізді. Кітапханашылардың онлайн режимдегі жұмысы, жұмыс барысындағы жаңа жобалар туралы, Рухани жаңғыру бағдарламасының жаңа арнайы бағыттары жайлы айтты. Кітапхана библиографы  А.Қ.Абдығужина ақпараттық- анықтамалық жұмысы туралы оның ішінде кітаптарды сандық көшірмеге көшіріп, кітаптың  электронды нұсқасын кітапхана сайтына burabaitsbs.site ұсынғанын жеткізді. Кітап қорын  толықтыру және әдебиеттерді өңдеу бойынша талдауды бөлім меңгерушісі Е.М.Орлова, кәсіподақ комитеті есебі бойынша Г.Т.Апенова баяндады.

       «Өткен жыл күрделі болғанымен, бірақ табысты болды, біз қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмаймыз,  жаңа жолдар мен шешімдерді іздейміз», – деп семинар соңында ОКЖ директоры  аяқтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған