«Отбасымызбен оқимыз» сұхбат

Орталық аудандық балалар кітапханасы «Ұрпақтар жалғастығы» жобасын жандандыру, насихаттау мақсатында «Отбасымызбен оқимыз» атты отбасылық оқырмандармен сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында Өсербаевтар мен Бекболатовтар отбасылар қатысып,  бірге оқыған ертегілер, баланың сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, ой – өрісі кеңейетіндігі, кітап оқу кезінде баламен жақын сөйлесіп, оған өмір бойы азық болатын рухани өшпесіз із қалдыратындығы жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар Бекболатов Айсұлтан А.Құнанбаевтың «Қыс», Өсербай Абылай «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңдерін оқып берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған