«Жыр жүйрігі-Мұқағали» онлайн марафоны

Біртуар тұлға Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл. Мерейтойдың ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына тұспа-тұс келуі де екі есе маңыздылыққа ие. Мұқағали … Бұл есім қазақ жерінің жан дүниесіндегі бейнлерді елестетеді: шексіз дала кеңістігі, айбынды және қол жетпейтін Хан Тәңірі мен Алатау, шуақты күнінің салқыны жасырылған құдіретті ағаштар, табиғаттың шексіздігін түсінудің нұры мен қуанышын алып жүреді. Мақатаевтың поэзиясы – мәңгілік ақын тұлғасын бейнелейтін махаббат пен шығармашылық мағынасының үндестігі. Ақынның поэзиясы қазіргі заманға сай келіп, өсиет еткен әлемде мәңгі өмір сүреді. Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын атап өту және ақынның мол мұрасын жас ұрпақтың жадында қайта жаңғырту, шығармашылығымен таныстыру, поэзияның құдіреті мен өлеңдерін, әндерін таныту мақсатында марафоны ұйымдастырылды. Бурабай ОКЖ-де «Жыр жүйрігі-Мұқағали» онлайн-марафонына Первомай, Наурызбай және Кенесары ауылдарының оқырмандары қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған