Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап көрмесіне шолу

Тәуелсіздік – мемлекет пен ұлт тарихының ерекше парағы, қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы. Мемлекетіміздің егемендікке қол жеткізуі  алдыңғы ұрпақтардың күресі, ұмтылысы мен талпынысының нәтижесі болып табылады.

Орталық аудандық кітапхана ұжымы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап тікелей эфирде кітап көрмесіне  шолу ұйымдастырды. Тәуелсіздік тарихы, оның қалай құрылғандығы, тәуелсіздікке жету жолында құрбан болғандар және қазіргі заманғы егеменді мемлекет туралы ақпарат берілді.

Кітап көрмесі ең алдымен ғылыми, педагогикалық және студенттік аудиторияға, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси даму мәселелеріне қызығушылық танытатындардың барлығына бағытталған маңызды дереккөз болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған