Абай күніне арналған іс-шаралар

Осы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 10 тамызАбай күні болып бекітілді.

Осы күні, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай,Бурабай ауданында “Абай тойы-халық тойы” атты мәдени іс-шарасы өтті, онда Бурабай ОКЖ белсенді қатысуымен онлайн-кітап көрмесін ұйымдастырып,

Абай шығармашылығы бойынша әдебиеттер ұсынылды, көрмеге ролаптар, “Абай жолы” кітабының макеті, ақынның үстел бюсті, алтын сандардан жасалған макет, ақынның өлеңдері, дәйек сөздері жәнеҚара сөздері жазылған буклеттер қойылды. Көрме жанында Абай өлеңдері мен Абайға арналған арнау өлеңдер оқылды. Келушілерге Абай өлеңдерінің қалталы кітаптары сыйға тартылды.

Өскелең ұрпақтың бойында мақтаныш сезімін, отансүйгіштікті, Абай шығармашылығын оқуға деген қызығушылықты тәрбиелеу мақсатында “Абайдың үні-халық үні” атты онлайн – марафон ұйымдастырылды. Онлайн марафонда кітапхананың жас оқырмандары Абай өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқып, өз өнерлерін көрсетті.

Сондай – ақ, Абайдың дүниетанымын кеңінен насихаттау және жастарды оның рухани мұрасына тарту мақсатында, осы күні тікелей эфирде “Ұлыдаланыңұлы ақыны”,”Абайдыңасыл мұрасы”, “Абай және әлем әдебиеті”, “Абай-мәңгі халықтың жүрегінде” атты төрт бөлімнен тұратын “Абай-кемел ойдың кемеңгері”атты кітап көрмесіне онлайн-шолу  өткізіліп, қазақ даласының ұлы ақыны Абайдың өмірі мен қызметі туралы материалдармен, оның еңбектері және шығармаларымен, сондай-ақ ол туралы белгілі тұлғалардың мақалаларымен аудиторияны таныстырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған