Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды. Ел тұрақтылықтың, толеранттылықтың және табысты экономикалық дамудың кепілі – Конституцияның 25 жылдығын атап өтуде.           

Осы айтулы күнге орай  Бурабай ОКЖ-сі  бірқатар онлайн іс-шараларды ұсынды.  Жоспарланған іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасы

Конституциясының 25 жылдығына арналған афиша жарияланды. Балалар кітапханасы ҚР Конституциясының 25 жылдығына «Айбары асқақ Ата Заң» онлайн ақпаратын ұсынып, бала құқықтары заңы бойынша отбасылық тәрбие, бала мүддесі жайлы ақпарат берді.   

  Златополье,Наурызбай ауылдық кітапханалар ҚР Конституциясының 25 жылдық мерей тойы күніне арнап  слайд- презентациясын дайындады. Коституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік бере отырып, Ата заңымыз – елдігіміздің еңсесі екенін айта келе, осы жылдар ішінде мемлекетіміз даму жолында, әлеумметтік салада зор жетістіктерге жеткенін жеткізді.

Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік ережелерлерді жастардың бойына сіңіру , сыйлауға тәрбиелеу мақсатында,Ақылбай ауылдық кітапханасы осы мерекеге орай

« Перечитывая страницы основного закона» тарихи интерактивты сағатын өткізді. Сондай-ақ, біздің Отанымыздың гүлденуіне деген жылы лебіздерімен, тілектерімен,  оқырмандар мен біздің Бурабай орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері «Тұғыры биік- Ата заң » бейне құттықтауларын жолдады.   

Балалар кітапханасы, Қатаркөл ауылының кітапханаларынын кішкентай оқырмандары  Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Конституция күні» поэтикалық бейне құттықтауларын ұсынып,  балалар өлең-тілектерін мәнерлеп оқыды.      

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай «Ата  Заңым- азат елдің айбары»атты онлайн-шолу тікелей  эфирде өтті, орталық аудандық  кітапхана «Қазақтың  ата заңдары.  «Қазақтың  ата заңдары»,«Мемлекет және құқық», «Конституция-гарантия прав»  бөлімнен тұратын кітап көрмесіне шолу жасады.Оқырмандар назарына қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар ұсынылды, олардың ішінде; «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік дәуірі», «Стратегия Независимости», «Становление Конституции Республики Казахстан», «Основные законодательные акты о языках в РК», «Этнос и религия» және  т.б.

Абылай хан алаңында “Ата Заңым-азат елдің айбары” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонда конституциялық заңдар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері, қолданыстағы Конституцияны дайындау мен қабылдаудағы, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтудағы оның рөлі туралы әдебиеттер қойылды.Кітап көрмесін ҚР Конституциясының қазақ және орыс тілдеріндегі ашылған кітабының макеттері толықтырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған