Бурабай кентінің үлгілі кітапханасында мектеп оқушыларымен «Мобильді кітапхана» бойынша презентация өтті. Кітапханада бүгінгі күн талабына сай мобильді кітапхана ұйымдастырылған. Өлкетану кітаптары электронды форматқа көшірілген. Атап айтатын болсақ; Бурабай ауданының белгілі ақын,жазушысы Тортай Садуақасовтың өлеңдер жинағы, поэмаларымен,өлеңдерімен таныстырылды.Айтқажы Қазбековтың «Бурабай.Оқжетпес.Әулиекөл»,«Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану»,«Бурабай накануне XXI века»,«Охрана и рацональное использование земельных ресурсов» атты кітаптарымен таныстырылды. Марфуға Бектемірованың«Тобылғы түн» өлеңдері,таңдамалы шығармалары электрондық нұсқасы бар.Осы кітаптарды оқырмандар өз смартфондарына қосымшаны көшіріп алу арқылы ,кез-келген кітаптарды оқу ұсынылды.Оқушыларға бұл ұсыныс өте ұнады.Болашақта қолданатындықтарын жеткізді.
