«Өлкетану қоры – сандық форматта» жобаның ашылуы

Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасына сәйкес, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Бурабай ОКЖ «Өлкетану қоры – сандық форматта» атты жоба бойынша өлкетану қорындағы дәстүрлі кітаптарды электронды форматқа көшіру жұмыстарын жүргізуде.  Жобаның  мақсаты – өлке  тарихы  бойынша қорларды  сақтау  және  пайдаланушыларды  кітапхананың  құнды  өлкетану басылымдарымен  қамтамасыз  ету.  

«Өлкетану қоры – сандық форматта» атты жоба бойынша атқарылған жұмыстарды жайлы Бурабай ОКЖ-нің библиографы А.Қ.Абдыгужина онлайн-презентация өткізді. Оқырмандар сандық форматқа көшірілген электронды кітаптарды кітапхана сайтынан оқи алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған