Тұлғалық даму

1. бағыт «Тұлғалық даму»

Білімнін салтанат құруы

Мақсаты: Қазақстандықтардыңжетістігініңбасты факторы ретіндебілімтабынуынаұмтылуБәсекегеқабілеттілік

Мақсаты: Жалпығаортақеңбекқоғамныңқалыптастыру

Арнайы жобалар:

1.«ҰлыдаланыңҰлыесімдері»

2.«Тарихтың кино өнері мен телевизиядағыкөрінісі»

3.«Еңбек – елдіңмұраты»

4. «Экологиялық бағыт»

Ұлы Даланың Ұлы есімдері

Бурабай ОКЖ-нің кітапханашылары философ, ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған әр түрлі іс- шаралар өткізді. «Әбу Насыр Әл-Фараби-Ұлы Ғұлама» ақпараттық сағаты. Іс-шара барысында шығыс философы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берілді,  «Ғасырлар даналығы»деректі фильм көрсетіліп, кітап көрмесі ұсынылды. «Ұлы Даланың ұлы өркениеттері» атты тарихи кеш өткізді.

Оқушылардың назарына түркі өркениетінің тарихы туралы бейнеролик , кітап көрмесі ұсынылды. Орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшыларының бірі- Әбу Насыр әл-Фараби және дала данышпаны Жиренше, ұлы ақынымыз Абай, Абылай хан тағы да басқа ұлы тұлғалар туралы ақпарат берілді. Кітап көрме ұйымдастырылып, шолу өткізілді.

Ақылбай ауылдық  кітапханасында атақты қазақ батыры  Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойына орай «Қазақ халқының батыры» атты портрет кеші өтті. Батырдың өмірбаяны мен жетістіктері туралы слайдтар,  « Күш атасы – Қажымұқан» атты деректі фильм көрсетілі ,кітап көрмесімен танысты.

Жоғары техникалық колледжінің студентерімен  «Әл Фараби-Шығыстың ғұлама ғалымы» атты танымдылық сағат өткізілді. Кеш барысында Әбу-Насыр Әл Фарабидің  өмірібаяны мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, «Мудрость веков» атты деректі фильмі көрсетілді, және «Әлемнің екінші ұстазы- Әбу Насыр әл- Фараби» атты кітап көрмесі ұсынылды. Қатысқан-35 адам

Орталық аудандық кітапханасының оқу залында ұлт мақтанышы болған, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар драматург, халық жазушы Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына орай«Ұлы заманның ұлы тұлғасы» атты әдеби кеш өтті. Кешке қатысқан «Арман-Көкше» корпоративтік қорының «Қамқорлық» жартыстанционарынің тыңдаушылары.

Кітапханашылар Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріп, бейнебаян, слайд, буктрейлер көрсетілді.  «Ұлы заманның ұлы тұлғасы» атты кітап көрме  ұсынылды.

Орталық аудандық кітапхана Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» кітабы бойынша онлайн-әңгіме өткізді.

Қазақ халқының тұңғыш кісіпқой балуаны Қажымұқан Мұнайтпасовтың өміріне арналған. Күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған, балуан атын әйгілеп, әлемді таң қалдырған. Бұл  әңгіме желісі тартымды әрі ғибратты баяндалған.

Ш.Уәлихановтың 185 жылдығына                « Ағартушы. Ғұлама ғалым.» атты портрет презентациясында өмір жолы мен бағаланған қол жазбалары туралы мәлімет берілді.

Қазақ елінің  палуаны, алып күш иесі, мақтанышымыз Қажымұкан Мұңайтпасовтың- 150 жылдыығына орай Кенесары ауылының кітапханшысы слайд прензентация ұсынды.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына ҚР Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы «Сіз Ұлы Отан соғысы ардагері атындағы қай  көшеде тұрасыз» атты Жеңіс күніне арналған челленджі бастады. Осы атаулы челленджді ОКЖ- нің кітапханашылары қызметкерлері жалғастырып, өздерінің қай көше тұратынын  айтып, челленджді әріптестеріне жолдады.

Кеңесары ауылдық кітапханасының кітапханашысы халық композиторы, күйші, домбырашы, шертпе күйі бойынща негізгі мектептің незігін қалаушы Тәттімбет Қазанғапұлының шығармашылығы бойынша бейне ролик көрсетті.

Бурабай кентінің кітапханашысықазақтың халық композиторы, ақын, әнші, атақты «Гәкку» әнінің авторы Үкілі Ыбырайдың 160 жылдығына орай  «Өңіріміз сал-серілер бесігі» атауымен әдеби-сазды бейне ролигін дайындап, оқырмандарға ұсынды.

Орталық аудандық кітапханасының,  № 3 қалалық филиалының, Кенесары ауылының, Красный кордон ауылының  кітапханашылары қазақ композиторы,халық әндерін орындаушы, ақын, қазіргі қазақ эстрадасының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның Халық әртісі- Ш. Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған “Мәңгілік өлмейтұғын Ән қалдырған” виртуалды  көрмесін дайындап, шығармашылығымен таныстырды.

Наурызбай ауылының кітапханашысы Кеңес Одағының Батыры, ғалым, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің өмірбаянымен, оның рухани мұрасымен таныстыратын “Өз жерінің нағыз ұлы, батыр-ғалым Мәлік Ғабдуллин” онлайн – өмірбаянын ұсынды.

Зеленый бор ауылының кітапханашысы Кеңес Одағының Батыры, жазушысы, әскері Б. Момышұлының өмірбаянымен, ерлік пен батырлықтың жарқын үлгісімен таныстыратын Б. Момышұлының 110 жылдығына арналған “Оның есімі-халық мақтанышы” онлайн –ақпаратын ұсынды.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында орталық аудандық балалар кітапханасы № 11 IT-мектебінің 6-сынып оқушыларымен «Абай -дана, Абай -дара қазақта» атты әдеби-сазды кешін өткізілді. Кеш барысында Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы бейнефильм көрсетілді.

«Абай-дана, Абай-Дара қазақта» атты кітап көрмесі мен инсталляциясы ұсынылды, Абайдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды. Оқушылар Абайдың нақыл сөздерін мәнерлеп жатқа айтып, «Ерке сылқым» күйін орындады. Іс-шараның соңында барлық қатысушылар Абайдың «Желсіз күнде жарық ай» әнін орындады.

№3 филиал кітапханашысы экология және орман шаруашылығы колледжінде 2,3 курс  студенттерімен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай мұрасы- халық ұлағаты» атты әдеби кешін өткізді.

Кеш барысында көрнекілікке: Абай портреті,эпиграф жазылған плакат, кітап көрмесі,слайд,бейне-роликтер қолданылды. Домбырада «Желсіз түнде жарық ай», «Тау ішінде» атты Абай әндері орындалды.

Первомай ауылдық  кітапханасында Абайдың 175 жылдығына арналған6-7 сынып оқушыларымен «Абай-дана, Абай-Дара» атты әдеби сағат өтті, онда кітапханашы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі, «Абай- ұлы тұлға» кітап көрмесі ұсынылды.Оқушылар  сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдіріп, ақынның өлеңдері мен «қара сөздерін» оқыды. Іс-шараның соңында балалар кітап көрмесінен кітаптар алды. «Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы», – деп ғалым Зәки Ахметов  айтқандай Абайдың қазақ елінде алар орны ерекше. Ұлы тұлғаның 175 жылдығына орай Мәдениет ауылдық кітапханасында «Абай –дана, Абай – дара қазақ» атты танымдық сағат  өткізілді. Осы танымдық сағатқа Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік  университетінің  филология факультетінің 4 – студенті Калиакпарова Ризагүл Абайдың өлеңдерін оқыды.

Бурабай ОКЖ-нің ұйымдастыруымен орталық аудандық кітапханада 2020 жылдың 21-ші қантар күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы- халық қазынасы» атты оқырман конференциясы өтті.Кеш барысында Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берілді.

Бұл кеште Абайдың «Көзімнің қарасы», «Бір бала» әндеріорындалып, №1 мектеп-гимназиясының оқушылары ақынның өлеңдерін, қарасөздерін оқып,  өз өнерлерін ортаға салды. Ұлы ақынға арналған «Әлем таныған ұлы Абай» атты кітап көрмесі қойылып, әдеби шолу айтылды.

Веденовка ауылының модельдік  кітапханасында 7-сынып оқушылары қазақтың көрнекті ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты әдеби сағатын өткізді. Кітапханашы  балаларды ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырып,бейнеролик көрсетті. Оқушылар Абайдың өлеңдерін оқыды. «Абай дана – Абай дара» кітап көрмесі ұсынылып, әдеби шолу жасалды. Бурабай ОКЖ-нің  қызметкерлері Абайдың 175 жылдығына арналған «Жанды кітап» оқу марафонын өткізді. Қаланың құрметті азаматтары мен мекеме басшылары белсенді қатысты. Бурабай аудандық мәслихатының хатшысы Р.Т.Бейсенов, Бурабай ауданының құрметті азаматы Б.Касенова, тілдерді оқыту орталығының директоры Г. К. Махметова Абайдың өлеңдерін оқыды.

Қатаркөл, Успеноюрьевка, Баянбай, Ақылбай, Мәдениет, Златополье, Қызылағаш, Веденовка, Кенесары  ауылдық  кітапханаларында#АБАЙ175  челленджін өткізді. Бурабай ОКЖ-нің қызметкерлері М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы  бойынша оқу марафонына қатысты.  Мұхтар Әуезов Абайдай ұлт мақтанышын дүниежүзіне танытқан қаламы қарымды қаламгер.

Романың бас кейпкері –тарихи тұлға , ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы Абай Кұнанбаев. Романда драматизмге және қарама-қайшылыққа толы ХІХ ғасырдың халқы өмірі, өзіндік рухани салты, ұлттық сипаты толық көрсетілгеннің кітапханашылар жеткізе білді.

«Жанды кітап» форматы бойынша өткізілген бұл іс-шара өте жақсы, мазмұнды өтті. Ақылбай ауылының кітапханашысы “Әлемге айналған Ұлы Абай” атты кітап көрмесін ұсынып, кітапханадағы Абайдың кітаптарымен таныстырды.

“Абай шығармашылығы туралы қызықты деректер” бейнепрезентациясы Абай шығармашылығы туралы қызықты деректермен таныстырады: ол 170 өлең жазған, 56 өлең аудармасының авторы, 40 жасында алғашқы ауыр өлең жазып, әйелдер құқығы үшін күрескен және т. б.

«Кино және телевизиятарихы » арнайы жоба

Ақылбай ауылдық кітапханасы “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын жүзеге асыру мақатында «Кино, как явление культуры» тарихи экскурсында Қазақстандағы кино өнерінің қалыптасуы мен дамуы туралы, жоғары сапалы балалар фильмдері мен анимациялық серияларына өте қажет, жас ұрпаққа көңіл бөлу туралы әңгімеледі.

Ұлттық суперқаһармандар культін қалыптастыруға қабілетті біздің әйгілі батырларымыз, ойшылдарымыз және билеушілеріміз тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде үлгі алуға лайық екнін паш етті. Зеленый Бор кентінің кітапханашысы Бурабай ауданының тумасы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1957), профессор (1958), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1958) және еңбек сіңірген ғылым қайраткері – Есмағамбет Исмаиловқа арнап «Туған жердің  ақыны»  онлайн портретін ұсынды.

Қызылағаш ауылының кітапханашысы «E.Н. Әуелбековтің Қызылағаш ауылына қосқан үлесі» атты көрмесінде белгілі мемлекет қайраткері, дана саясаткер Еркін Әуелбековтің тұлғасымен таныстырды.

Сондай ақ, «Знаменитые люди нашего села» атты онлайн кездесуін Веденовка ауылдық кіапхананың кітапханашысы  ұйымдастырып,  суретші А.М. Елизаренканың өмір жолы және шығармашылығымен таныстырды. Оқжетпес ауылының кітапханашысы “Туған өлкем-жұмақ мекен” онлайн – экскурсиясын ұсынды, онда таңғажайып орын –Бурабай көрсетілді: сары жансыз дала арасында таулармен және тығыз қылқан жапырақты орманмен қоршалған нағыз оазис орналасқан.

Первомай ауылының кітапханашысы Первомай орта мектебінің өлкетану мұражайына “Ауылым алтын бесігім” онлайн-экскурсиясын өткізді, ол ауылдың тарихымен таныстырды, онда ескі адамдардың естеліктері, жерлестердің түрлі ұрпақтарының фотосуреттері, “Отан үшін шайқастардағы жерлестеріміз”, “Біздің ауылдың атақты адамдары” және т. б. альбомдары көрсетілді.

Қызылағаш, Веденовка, Кенесары, Зеленый бор, Наурызбай батыр ауылдарының кітапханашылары “Ауылым алтын бесігім” атты слайд-тұсаукесерін ұсынды, онда ауылдың тарихы, климаты, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, халқы, экономикасы, мәдениеті, білімі, атақты адамдары туралы ақпарат берілді.

“Досым оқыған кітап” жобасы аясында балалар кітапханасының кітапханашылары өлкенің балалар жазушылары Серік Жетпісқалиев, СұлтанҚалиұлы, Баян Ғалымжановтың шығармашылығына арналған онлайн-шолу ұсынды. Ақылбай ауылының кітапханашысы “Туған өлкенің бағыттарымен” ақпараттық-квест ұсынды, онда туған өлкенің көлдері: Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты және Майбалық туралы әңгімелейді.

Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары “Туған өлке-тұнған тарих, қазынам” виртуалды саяхатын көрсетіп, онда Щучинск қаласы туралы ақпарат, өлкетану әдебиетіне шолу жасалады.

Қатаркөл ауылының кітапханашысы “Туған өлкенің табиғат әлемі” бейне-ролигін көрсетіп, онда ауыл маңындағы табиғатпен, түрлі өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстырды.Веденовка модельдік кітапханшысы «Моя малая Родина в сердце моем» атты слайд презентациясында туып өскен мекенін, оның тыныс тіршілігін, тарихын, мәдениетін, зиялы қауымымен таныстырды.                                                                    

Ұрымқай, Кенесары  ауылдық кітапханашылары  «Мое село- село родное» және «Край мой- гордость моя» бейне –слайдында ауылдың тыныс тіршілігін, еңбек дағдылары, елін, жерін сүйюге шақырады.

«Еңбек – елдің мұраты» жобасы

Еңбек күніне орай аудандық орталық кітапхана еңбек ардагері Виктор Васильевич Лешинмен “Человек славен трудом” атты онлайн-сұхбатты ұсынды. “Асыл қазына” өлкетану клубы аясында блиц-тренниг “Туған өлкем тарихым”Туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында “Туған өлкем тарихым” блиц-треннигін ұсынылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған