«Еліміздің еркіндігі- Тәуелсіздік» онлайн-эссе байқауы

Тәуелсіздік қазақ халқының еңсесін көтерді, рухани серпілісін оятты. Тәуелсіздік қасиетті ұғым, оның мағынасы зор қанша жыл уақыт өтсе де оның бағасы жойылмайтындығын ұғындыра түсті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орталық аудандық кітапхана 14 сәуір күні «Еліміздің еркіндігі- Тәуелсіздік» онлайн-эссе байқауын өткізді. Барлық қатысушыларға шығармашылық байқауға белсене қатысқандары үшін алғыс айтқымыз келеді. Ең жақсысын таңдау өте қиын болды, өйткені әр эсседе қатысушылар өз еліне, оның тарихына деген сүйіспеншілігін көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын-Дуйсембаева И. және Өсербай Ұ.

2 орын-Демкешев Ш. және Мельникова Л.

3 орын-Бариев Р. және Шемякина В.

Барлық атқарылған жұмыстар үшін алғысымызды білдіреміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған