Қазақстан халқы тілдер күніне орай

«Тілім- тірегім, жанып тұрған жүрегім» атты зияткерлік онлайн сайысы

Қастерлі де, құдіретті Қазақстан халқы тілдері күніне орай тілге деген қызығушылықты қалыптастыру, мәдени мұраға құрмет көрсету, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін көрсете білу мақсатында, тілдер онкүндігі аясында жас оқырмандар арасында аудандық орталық кітапханада «Тілім- тірегім, жанып тұрған жүрегім» атты зияткерлік онлайн сайысы өтті.Сайыс негізі төрт  турдан тұрды:   

1. «Бізгеаудармашықажетемес» -«Нам не нужен переводчик» Бірінші турда қатысушыларымыз мақалдарды қазақ,орыс, ағылшын тілдеріне аударды.                                                                                                                                

2. «Мақал-халықтыңқазынасы»- «Пословица-сокровище народа» Келесі турда мақал –мәтел жалғасын табу.                                                                   

3.«Қатені тап»- «Найди ошибку» Үшінші турда мақал –мәтелдердың орындары ауысып тұрады, қателігін табу.

4. «Эрудит»

Бұл турда әр қатысушыға үш тілде сұрақ қойылып, соған жауап берді.Сайыс екі тілде өтіп, сегіз қатысушы болды. Соңында  зияткерлік онлайн сайысымызға  қатысушыларды құттықтап,1-орынды Қаппасова Каринаға зерек ойлылығымен көзге түскені үшін, 2-орын Әлиев Елнұрға жан-жақты ізденіс танытқаны үшін, 3-орынды Бисекеев Диасқа үздік білімін көрсеткені үшін «Мадақтама» , «Алғыс хатпен»  марапаттап, сыйлыққа кітап табыс етілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған