Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Үздік оқырман отбасы» байқауы

Қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, Абай, қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттау, аудан тұрғындарының тақырыптық бейнероликтер жасау дағдыларын жетілдіру, Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы позитивті-бағытталған шығармашылық қызметті, отбасында адамгершілік тәрбиені насихаттау мақсатында Бурабай ОКЖ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай “Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе” тақырыбында «Үздік оқырман отбасы» байқауын өткізді.

Аудан тұрғындары белсенді қатысты. Байқауға қатысқан 16 отбасы қызықты шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Отбасылық бейнероликте А.Құнанбаевтың өлендерін, “Қара сөздерді” мәнерлеп оқу, шығармаларын вокалдық орындау ұсынылған.

Байқау қорытындысы бойынша Дипломдармен марапатталды:

I – орын Бурабай кентінен келген Имакановтар отбасына берілді

II-орынды Щучинск қаласынан Оразалиндер отбасы және Баянбай ауылынан Қазиевтер отбасы бөлісті

III- орынды Щучинск қаласынан Апеновтар отбасы, Щучинск қаласынан Талғатбековтар отбасы және Веденовка ауылынан Багинский отбасы бөлісті

Қатысқаны үшін алғыс хаттармен Артимович (Щучинск қ.), Пьянковы Златополье ауылы), Әбдірахмановтар (Зеленый бор ауылы), Жетпісовтар (Ақылбай ауылы), Қалиевтер (Щучинск қ.), Елеуғазиевтер ( Кіндікқарағай ауылы) отбасылары марапатталды

Бұл сайыста жеңімпаздар мен жеңілгендер жоқ. “Үздік оқырман отбасы” миссиясы – отбасындағы адамгершілік тәрбие, Абайдың бай шығармашылығын сақтау және көбейту. Сондықтан байқаудың әр қатысушысы өзін осы ұлы істің бір бөлігі деп санай алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған