«Досым оқыған кітап» жобасы

2019 жылдың 18 қыркүйек күні орталық аудандық балалар кітапханасында «Досым оқыған кітап» атты  кітап оқу жобасының ашылу салтанаты өтті.

Жобаның мақсаты: оқырмандарды кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқырмандардың назарын кітапка аудару, мәдениетті, парасаты, рухани ойлау, терен, ар-ожданы мол енбекқор ұрпақты тәрбиелеу, кітапты сүюге, кітапты қадірлеуге баулу, оқырмандарды жаңа кітаптармен және жаңа авторлармен таныстыру. Кітапхананы балалар үшін мейірімді, рухани, ақпарттық, танымдық орталық ету.

Жоба барысында алғы сөз Бурабай ауданының «ОКЖ» директоры Н.К.Рамазанова, № 7 мектеп лицейінің меңгерушісі Н.И.Сарсенбаева, «Бурабай» газетінің тілшісі Ж.Оспанов, Балалар өнер мектебінің қызметкері Қ.К.Узбаев жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты.

Сонымен қатар № 7 мектеп лицейінің 4 «Ә» сынып оқушылардың қатысуымен ауызша журналды тамашалап, өздері оқыған кітап туралы ой – пікірлерін айтып, достарына оқуға ұсынды. Балалар кітапханасының жетекшісі А.Қ.Тыштыкова жоба аясында оқитын кітаптарды таныстырып, шолу жасады, балалар өнер мектебінің оқытушысы Л.М.Байтөре күйден шашу шашты. 

«Біздің батыр бабалар»

Балалар кітапханасында «Досым оқыған кітап» жобасы аясында әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында,  Жазушылар одағының мүшесі, байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Естенов Арасанбай Жексенұлының «Біздің батыр бабалар» атты кітабы таныстырылды.

         Іс шара барысында кітапханашы кітаптың «Біздің батыр бабалар», «Әдептілік әліппесі», «Киелі сандар», «Кім ақылды, кім зерек?» атты бөлімдерімен таныстырып, «Тарихи тілашар әліппе» атты кітап көрмесіне шолу жасап,  жүрекке жылы, көңілге қонымды, түсінікке жеңіл қазақы жыр өрнегімен жазылғанын айтып, балаларға оқуға ұсынды. Осыған орай «Батыр бабалар» атты слайд көрсетіліп,

№ 7 мектеп лицейінің оқушылары «Әдептілік әліппесі» бөлімінен өлеңдерін оқыса, «Кім ақылды, кім зерек?» бөлімінен балалардың тілін дамытатын жұмбақтарын шешті. Соңында бастауыш сынып мұғалімі Н.Б.Алдабергенова жылы лебізін білдірді.

                                              «Әжемнің ертегісі» онлайн оқу

             Ертегілер бастауыш сынып оқушыларының ой өрісін жетілдіріп, Отанды сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге жалпы адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да  молайтуға қызметі өте зор.Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала – үздік оқушы, үлгілі оқырман.             Балалар кітапханасынын  оқырмандары Еркен Айзере, Ернар  әжесі мен қазақ ертегілерін өте жақсы зер салып тыңдап, оқып оты

Абайдың  өлеңін оқу

Қуатқызы Анель№7 лицей мектебінің оқушысы Абайдың  өлеңін оқыды.

Онлайн оқу

Балалар кітапханасының жоба аясында  оқырмандары бірін бірі сағынып, сүреттерімен, жаттаған өлеңдерімен бөлісті.

# ҮйдеБіргеБолайық

«Досым оқыған кітап» жобасының  аясында 

«Кітап әлемі – жазғы демалыста» онлайн оқу жарнамасы

Баланың бүгінгі демалысы –олардың ертеңіне көзқарас.Бізбен бірге кітаптарды оқыңыз және талқылаңыз.

1. Өздері оқыған, ұнатқан кітапты басқа оқырмандарға ұсыну.

2. Оқыған кітап туралы әңгімелеп 3-5 минутқа шағын бейне – көрсетілім жазып, немесе кітап үзінді оқып, бейне көрсетілімді  электрондық поштаға жіберу balalarkit@yandex.ru

3. Достарын белгілеп  Балалар кітапханасы Бурабай ауданы фейсбук парақшасына тіркеңіз.

Онлайн оқу өтетін уақыты 10.06. – 10.07.2020 ж. дейін өтеді.

«Кітап әлемі – жазғы демалыста»

Онлайн оқу

07.06.2020ж. Жоба  аясында  «Кітап әлемі – жазғы демалыста» атты онлайн оқулар бастау алды.

Балалар кітапханасының оқырманы, № 7 мектеп лицейінің 6 «Ә» сынып оқушысы Аманбаева Назерке балалар әдебиетінің жазушысы Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» кітабы бойынша «Сыйлық» хикаяты жайында әңгімелесе, Байкешова Сымбат  өлең шумақтарын оқып бейне – көрсетілімдерін жасалды.

11.06.2020ж. Жоба аясында  «Кітап әлемі -жазғы демалыста»  онлайн оқу  басталды. Файзуллаев Ә.   «Ақылыңа ақыл қос» кітабыбойынша «Әкенің көзі» әңгімесі оқылып   бейнеролик дайындалып,фейсбукқа қойылды.

28.06.2020ж. «Досым оқыған кітап» жобасы аясында «Кітап  әлемі – жазғы демалыста» атты онлайн оқу жалғастыруда,  Қабдыкаримова Айлана «Жануарларәлемі», «Өсімдіктер әлемі» кітаптарын өте қызықты,әр тақырыпты тартымды ғып әңгімелеп берді.

        

07.07.20ж. Балалар кітапханасы «Досым оқыған кітап» жобасының  аясында  «Кітап әлемі – жазғы демалыста» атты онлайн оқуын жалғастыруда, №2 мектеп оқушысы Вопке Виктория.

10.07.2020ж. Жобааясында «Кітап әлемі – жазғы демалыста» атты онлайн оқуын №9 мектеп-гимназиясының оқушысы Оразалин Ақкер жалғастыруда.

24. 06. 2020ж. «Досым оқыған кітап» жобасының  аясында, балалар кітапханасының оқырманы,онлайн оқуды №3 орта мектебінің оқушысы мектеп  Набиева Полина ақын, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы Александр Сергеевич Пушкиннің тақпағын оқып берді.

27. 07. 2020ж. «Досым оқыған кітап» жобасының  аясында, балалар кітапханасының оқырманы,онлайн оқуын №7 мектеп  лицейінің  оқушысы Амангелді Жанель жалғастырды. 

28.07.2020ж. «Досым оқыған кітап» жобасының  аясында, онлайн оқуын  балалар кітапханасының оқырманы  №7 мектеп  лицейінің  оқушысы Амангелді  Гүлімжан  балалар әдебиетінің жазушысы, ақын Сұлтан Қалиұлының «Менің елім» кітабын оқып жалғастырды.                                                                  

Балалар кітапханасының қорына  жаңа әдебиеттер келіп түсті. Жаңа кітаптар түрлі – түсті, суретті безендірілген кітаптар.

Көрмеге «Қазақ халық ертегілері», «Алтын классика», «Кел танысайық, бұл…» мұхиттар, жұлдыздар, жануарлар туралы кітаптар қойылды.

Кітапханаға «Жемчужина» мектеп жасына дейінгі балалар оқу – дамыту орталығынан келген кішкентай оқырмандарымыз қуана қарап, әр бетті парақтап, қызыға қарады.

«Балалар энциклопедиясы РОСМЭН»

сериясы бойынша   бейне-көрсетілім

23. 06. 2020ж. Сан алуан тақырыпты қамтитын энциклопедиялар балалардың жан-жақты кемелденіп, білімін тереңдете түсуіне, өзі өмір сүріп отырған ортаның қыр-сырын тануға, алыс-алыс өлкелерге қиялында саяхаттауға көп көмегін тигізеді деп сенеміз. Мазмұны қызықты және тартымды үйлестіріліп берілген бұл кітаптағы әрбір тақырып анық және ашық  суреттелген.

# ҮйдеБіргеБолайық  #БудемВместеДома   – фейсбукқа 1видео (Жанузакова Н., № 7 мектеп лицейінің оқушысы өлең оқыды)

Жоба аясында  жалғастыруда«Жаңа әдебиеттер»   виртуалды  кітап көрмесі    –  фейсбукке  қойылды.

«Батырлар – ел қорғаны»   атты батырлар  жыры оқу марафоны.

Ер Тарғын жыры бойынша   ФБ  2 видео     жазылып  жіберілді

Дүниежүзілік  кітап  күніне Балалар кітапханасы кішкентай оқырмандарына виртуалды  кітап көрмесін ұсынды.

15.04.20 ж.   «Досым оқыған кітап»  жобасы  аясында  «Қазақ ертегілері»   «Жанды кітап» форматында    –  фейсбукке қойылды. №6 мектеп оқушысы Куаныш А. ертегі оқыды.

«Досым оқыған кітап» жобасы аясында оқушыларды кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту,  кітапты сүюге, кітапты құрметтеуге баулу мақсатында «Балаларға  базарлық»  виртуалды кітап көрмесі ұсынылды.

«Жаңа кітап – жан азығы»

Онлайн – сұхбат

Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы  «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» үшін тарихи күн болды. Орталық аудандық балалар кітапханасының «Досым оқыған кітап» жобасы аясында Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық  «Арқа ажары» газеті редакциясында қонақта болып,

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы,  ақын, журналист Қайырбай  Төреғожа   Зейноллаұлымен   «Жаңа кітап  жан азығы» атты  онлайн – сұхбатын өткіздік. Жоба жұмысын жандандыру мақсатында орталық аудандық балалар кітапханасының жетекшісі  Г.Т. Апенова авторға бірнеше сұрақтарын қойып, тағылымды әңгіме өрбітті. 

 Сұхбат барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында, көптеген шыққан кітаптары жайлы мәлімет  берілді.

 Жуырда «Көкшетау қаламгерлері» атты жаңа кітап сериясы бойынша мындаған тараумен шыққан «Көкжиек» кітабы туралы кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы мәселелер балалардың кітап оқымауы, отбасында кітапқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу жайлы тілге тиек етті. Сұхбат соңында автор кітапханамызға жылы тілегін білдіріп, бірнеше кітабын сыйға тартты. Мазмұнды да тәрбиелік  мәні зор сұхбат үшін Қайырбай Төреғожа ағамызға алғысымызды білдіреміз.

«Кітап асыл қазына» 

онлайн әдеби шолу

Кітап – қазына, оқырманның асыл досы. Өйткені, кітаппен шын дос болған кісінің ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары болары сөзсіз. «Досым оқыған кітап» – жобасы аясында балалар кітапханасының кітапханашысы Н.Н.Дулатова  «Кітап асыл қазына»  онлайн әдеби шолуын ұсынды.

Кітапхана оқырмандарын кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқырмандардың назарын кітапқа аудару, мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу, оқырмандарды жаңа кітаптармен және жаңа авторлармен таныстыру мақсатында орталық аудандық балалар кітапханасы «Досым оқыған кітап» жобасы бойынша жұмыс істейді. Сіздердің назарларыңызға атқарылған жұмыс туралы бейнеролик ұсынылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған