«Мобильді кітапхана» бойынша презентация

Бурабай кентінің үлгілі кітапханасында  мектеп оқушыларымен «Мобильді кітапхана» бойынша презентация өтті. Кітапханада  бүгінгі күн талабына сай  мобильді кітапхана  ұйымдастырылған. Өлкетану кітаптары электронды форматқа көшірілген. Атап айтатын болсақ; Бурабай  ауданының белгілі ақын,жазушысы   Тортай Садуақасовтың өлеңдер жинағы, поэмаларымен,өлеңдерімен таныстырылды.Айтқажы Қазбековтың «Бурабай.Оқжетпес.Әулиекөл»,«Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану»,«Бурабай накануне XXI века»,«Охрана и рацональное использование  земельных ресурсов» атты кітаптарымен таныстырылды. Марфуға Бектемірованың«Тобылғы түн» өлеңдері,таңдамалы шығармалары электрондық нұсқасы бар.Осы кітаптарды оқырмандар өз смартфондарына қосымшаны көшіріп алу арқылы ,кез-келген кітаптарды оқу ұсынылды.Оқушыларға бұл ұсыныс өте ұнады.Болашақта қолданатындықтарын жеткізді.

«ҚР Президентінің Әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік және гуманитарлық бастамалары» ақпараттық сағат

Успеноюрьевка аулының кітапханасында Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы саяси және әлеуметтік -экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешуге арналған бастамаларын қолдау мақсатында «ҚР Президентінің Әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік және гуманитарлық бастамалары» ақпараттық сағат өтті. Іс-шара барасында қатысушылар өз пікерлерін білдіріп, Қазақстан Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың бастамаларын қолдады.

«Азаматтардын әл-ауқытын жақсарту»ақпараттық сағат

Веденовка аулының кітапханасында Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы саяси және әлеуметтік -экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешуге арналған бастамаларын қолдау мақсатында «Азаматтардын әл-ауқытын жақсарту»ақпараттық сағат өтті . Іс-шара барасындақатысушыларөзпікерлерінбілдіріп, ҚазақстанПрезидентіҚ.Ж.Тоқаевтыңбастамаларынқолдады.

Талқылау

Орталық аудандық кітапханада Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында айтылған саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бастамаларын қолдау мақсатында талқылау өтті. Талқылау барысында спикерлер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, өз пікірін білдірді.

“Ұлттық ойындар” танымдық-ойын сағаты

Ұлттық қазақ ойындарымен, олардың тарихымен танысу, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне деген қызығушылық пен құрметке тәрбиелеу

мақсатында Наурызбай батыр ауылының кітапханасында “Ұлттық ойындар” танымдық-ойын сағаты өтті, онда балалар ұлттық ойындардың ерекшеліктерімен, көрмеде ұсынылған әдебиеттермен танысып, “Тоғыз құмалақ” үстел ойынын ойнады.

“Алатаудай асқақ тұлға”тарихи сағат

Қазақстанның саяси қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай Ұрымқай ауылдық кітапханасы “Алатаудай асқақ тұлға”тарихи сағатын ұсынды.

“Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі” атты ашық микрофон

Қызылағаш ауылының кітапханасында “Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі” атты ашық микрофон ұсынылып, оқырмандар өз пікірлерін білдірді

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бастамаларын қолдау мақсатында кітапхана оқырмандарымен «Халықтың табысын арттыру» ақпараттық сағат

№4 қалалық кітапхана Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бастамаларын қолдау мақсатында кітапхана оқырмандарымен «Халықтың табысын арттыру» ақпараттық сағатын өткізді. Іс–шара барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдады.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында айтылған саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бастамаларын қолдау мақсатында талқылау

Бүгін орталық аудандық кітапханада Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында айтылған саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бастамаларын қолдау мақсатында талқылау өтті. Талқылау барысында спикерлер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, өз пікірін білдірді.

«Жаңа дәуір көшбасшысы» және «Тұлға. Елбасы.Тарих» атты кітап көрме

Оқжетпес мәдениет үйінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік іс-шараға Бурабай ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Жаңа дәуір көшбасшысы» және «Тұлға. Елбасы.Тарих» атты кітап көрме ұйымдастырды. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы.Көрмеге Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы жүріп өткен жолы, жетістіктері жайлы еңбектері қойылды. Іс-шараға келген қатысушылар, қонақтар Елбасының балалық шағынан бастап, бүгінгі ерен еңбектері қамтылған кітаптарымен таныстырылды.