ZOOM платформасында «Асыл қазына» өлкетану клубы аясында «Ескерткіш- ата мұрасы» кездесу кеші

Туған өлкенің тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті ауқымдағы мәдени орындар туралы мәлімет беру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихи орындарды сақтап оны қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында №2 қалалық кітапханашысы ZOOM платформасында «Асыл қазына» өлкетану клубы аясында «Ескерткіш- ата мұрасы» атты кездесу кешін өткізді. Кеш барысында Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының әдіскері Есілбаева Г.Т. «Бурабай ауданының киелі жерлері» атты бейне ролигін көрсетіп, баяндады. Археолог, қазба жұмыстарының маманы Ержанов Р.Р. Бурабай өлкесінде қанша ескерткіштер бар, қандай археологиялық жұмыстар жүргізіледы, көптеген сұрақтарға жауап беріп, ақпарат берді. Қатысушылар өз ой пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарын қойды. Іс- шараға Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің студенттері және кітапханашылар қатысты.

«Книжная кладовая» әдеби-танымдық викторина “Ақ желкен” клубының жұмысы аясында

Балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылына орай , оқушылардың балалар әдеби шығармалары туралы білімдерін жинақтау, шығармалардың кейіпкерлері мен оларды жазған авторларды тану білімдерін дамыту, оқуға деген қызығушылықтарын қолдау мақсатында “Ақ желкен” клубының жұмысы аясында Ұрымқай ауылының кітапханасы 5 сынып оқушыларымен «Книжная кладовая» әдеби-танымдық викторинасын өткізді, онда балалар кітап беттері бойынша қызықты саяхатқа аттанды, ал іс-шара соңында кітап және оқу туралы өлеңдер айтты.

«Асыл қазына» өлкетану клубы аясында ZOOM платформасында тарихшылармен «Мұражай тарих айнасы» кездесу кеші

№2 және №3 қалалық филиал кітапханашылары ZOOM платформасында «Асыл қазына» өлкетану клубы аясында Ақмола облысы мәдениет, архивтермен құжаттамалар басқармасының «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану», «Әдебиет және өнер» музейлерімен «Мұражай тарих айнасы» атты кездесу кешін өткізді. Кеш барысында экскурсовод маман Бекишева Ж.С. және ғылыми қызметкер Әлменов Н.Қ. мұражай тарихымен және мұражайда жинақталған рухани, мәдени, тарихи мұраларлар жайлы слайд көрсетіп, баяндады және қатысушылар өз ой пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарын қойды. Іс-шараға Жоғары техникалық колледж студенттері және кітапханашылар қатысты.

«Шамшырақ» клубы аясында С.Бегалиннің «Сәтжан» повесі бойынша әдеби сағат

Веденовка модельдік кітапханасы «Балалар мен жасөспірімдер кітабы айлығы» және «Шамшырақ» клубы аясында 8 сынып оқушыларымен С.Бегалиннің «Сәтжан» повесі бойынша әдеби сағатын өткізді, онда балаларды ақын, жазушы, прозашы және балалар әдебиетінің негізін қалаушы Сапарғали Бегалиннің өмірбаянымен таныстырды. Сонымен қатар балалар «Сәтжан» повесінің бас кейіпкерімен танысты.

«Рухани жаңғыру – жастар көзімен» ашық микрофон

Орталық аудандық кітапханасында «Айтарым бар» жастар клубының мүшелерімен «Рухани жаңғыру – жастар көзімен» атты тақырыпта кезекті отырысы өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мақаласы арқау болған рухани жаңғырудың басты тетігі тарих пен өткенді жоғалтпауы сөз болды. Тек еңбектеніп, жоғары білімді азамат болуға қадам жасауымыз керек деген пікірлерін жастар ортаға салды.

«Аналарды құрметтейік» танымдық мерекелік ролик

Бурабай ОКЖ-де «Инабат» клубының жұмысы аясында, Халықаралық әйелдер күніне орай Мәдениет ауылының кітапханасы көп балалы аналарға арналған «Аналарды құрметтейік» танымдық мерекелік ролигін ұсынады.

«Читай, познавай» клубы аясында «Наши добрые сказки!» дауыстап оқу

«Читай, познавай» клубы аясында Успеноюрьевка ауылдық кітапханасы «Наши добрые сказки!» дауыстап оқуын өткізді.