Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бастамаларын қолдау мақсатында кітапхана оқырмандарымен «Халықтың табысын арттыру» ақпараттық сағат

№4 қалалық кітапхана Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бастамаларын қолдау мақсатында кітапхана оқырмандарымен «Халықтың табысын арттыру» ақпараттық сағатын өткізді. Іс–шара барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдады.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында айтылған саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бастамаларын қолдау мақсатында талқылау

Бүгін орталық аудандық кітапханада Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында айтылған саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бастамаларын қолдау мақсатында талқылау өтті. Талқылау барысында спикерлер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, өз пікірін білдірді.

«Жаңа дәуір көшбасшысы» және «Тұлға. Елбасы.Тарих» атты кітап көрме

Оқжетпес мәдениет үйінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік іс-шараға Бурабай ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Жаңа дәуір көшбасшысы» және «Тұлға. Елбасы.Тарих» атты кітап көрме ұйымдастырды. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы.Көрмеге Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы жүріп өткен жолы, жетістіктері жайлы еңбектері қойылды. Іс-шараға келген қатысушылар, қонақтар Елбасының балалық шағынан бастап, бүгінгі ерен еңбектері қамтылған кітаптарымен таныстырылды.

“Адалдық айнасы” атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық ағарту сағат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие бойынша іс –шаралар аясында №2, №3 қалалық филиалдар №7 мектеп-лицейінің 9 “А” сынып оқушыларымен “Адалдық айнасы” атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық ағарту сағатын өткізді. Іс-шара барысында балалар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік туралы біліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ролик көрсетілді. Балалардың назарына адалдық пен парасаттылыққа шақыратын сыбайлас жемқорлық жөніндегі әдебиеттер , буклеттер және ақпараттық парақтар ұсынылды.

Белсенді оқырмандарды марапаттау рәсімі

Бурабай Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Орталық аудандық кітапханада белсенді оқырмандарды марапаттау рәсімі өтті. Кітап сүйер қауымы рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты оқырмандар ретінде танылып , құрметке ие болды. Іс-шара барысында бейне ролик көрсетіліп, оқырмандар алған әсерлерімен бөлісіп, тілек- лебіздерін білдірді. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» дегендей кітап сүйер оқырмандарымыз көп болсын.

Қазақ жазушысы, ақын Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар…» атты кітабы бойынша дауыстап оқу


«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында, Ақылбай ауылдық кітапханасы қазақ жазушысы, ақын Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар…» атты кітабы бойынша дауыстап оқуын ұсынды.

«Сен Қазақстанды білесің бе?» атты интеллектуалдық ойын

Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту мақсатында, Қатаркөл ауылдық кітапханасы, «Сен Қазақстанды білесің бе?» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Кітапхананың жас оқырмандары қазақстан тарихы, мәдениеті және атаулы күндері бойынша білімдерін көрсетті.

«Менің Отаным – Қазақстан» атты поэтикалық композиция

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, №4 қалалық кітапханасы №10 мектеп-интернатының 3 “а” сынып оқушыларымен «Менің Отаным – Қазақстан» атты поэтикалық композициясын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар Отанымыз туралы өлеңдер оқып, үздік оқырмандарға грамоталар табыс етілді.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 құрдастары оқиды» атты челлендж

Бурабай кентінің кітапханасы «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап», «Қазақстанның оқырман ұрпағы-2021» акциясы аясында, жазушы Бақытжан Қанапияновтың «Достояние души» жанды кітап форматында «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 құрдастары оқиды» атты челленджін ұсынды.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 құрдастары оқиды» атты челлендж

Қатаркөл ауылдық кітапханасы «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап», «Қазақстанның оқырман ұрпағы-2021» акциясы аясында, ақын Мұқағали Мақатаевтың «Өмірдастан» жанды кітап форматында «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 құрдастары оқиды» атты челленджін ұсынды.