Функционалдық міндеттері:
-Өнімді өткізу көлемінің өсуін және пайданы ұлғайтуды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық, өндірістік және коммерциялық қызметінің жобаларын (бизнес-жоспарларын) жасау үшін бастапқы деректерді дайындайды.
– Еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың, жаңа техника мен технологияны енгізудің, өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділігін анықтайды.
– Әзірленген өндірістік-шаруашылық жоспарларды қарауға қатысады.
– Кәсіпорын және оның бөлімшелері бойынша жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысына, шаруашылық ішіндегі резервтердің пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.
– Маркетингтік зерттеулер жүргізуге және өндірістің дамуын болжауға қатысады.
– Кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің өндірістік қызметі нәтижелерінің экономикалық көрсеткіштерінің есебін, сондай-ақ жасалған шарттардың есебін жүргізеді.
– Белгіленген мерзімде мерзімді есептілікті дайындайды.
– Экономикалық ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізеді.
– Өзінің тікелей басшысының жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындайды.
Байланыс телефоны: 8 (716 36) 22646
Е-mail: burabai.tsbs@yandex.kz
Мекенжайы: Щучинск қ., Луначарский к-сі, 67/2