Кітапхана тарихы

         Қазіргі аудан орталығы Щучинск қаласында 1922 жылы қоғамдық кітапхана ашылған. Басында бұл орын бар-жоғы азғантай кітабы бар оқу бөлмесі болған. Алғашқы кітапхананың кітап қоры 21дана кітап, 6 газет, журналдарға жазылған. Ауданда 1949 жылға дейін бір ғана аудандық кітапхана қызмет етіп, бұл кітапхананы партия мүшесі, әрі оқытушы С.Шевелев қызмет атқарған. Станица тұрғындарынан кітап жинай бастап, кітапхана қорын толықтырады.

         Қалада 1937 жылы бірінші қалалық мемлекеттік кітапхана ашылып, мұнда мыңнан аса кітаптар болды. Оқырмандар саны көбейді.

         1949 жылы кітапханаға мемлекеттік аудандық кітапхана мәртебесі беріліп, кітапхананы В.А.Моргунова басқарады.

         1952 жылдан кітапхана меңгерушісі болып  Софья Васильевна Матвеева 30 жыл қызмет атқарады.

         Аудандық мәдениет басқармасының басшысы болып  Сейітқали Ибрайұлы Ибраев қызмет атқарады.

         1959 жылдың басында қала мен ауданда Мәдениет Министірлігінің 13 көпшілік кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсетті. Кітапханашылардың арнайы білімдері болмады.

         1964 жылы Көкшетау кітапханашылар техникумын бітіріп Любовь Ивановна Островскаякітапханашы қызметіне орналасады. 1968 жылы кітапхана меңгерушісі болып тағайындалады.

         Облыстық мәдени басқармасының 1978 жылы 1 тамыздан №116 бұйрығы бойынша Щучье ауданында  кітапханалар орталықтандырылған кітапхалар жүйесіне біріктіріліп, халықты кітаппен қамтамасыз ету міндеттелді.

         Ауданда және ауыл кітапханаларында кітап қорлары көбейіп, тұрғындардың әдеби кітаптарға деген сұраныстар өсті.Кітапханалар бір жүйеге орталықтандырылған кейін материалдық-техникалық базасы жақсарды. Аудандық кітапхана үшін 4-бөлмелі пәтер сатып алынды. Әр түрлі техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 3-автоклуб ауылдарды аралап, мәдени күндер ұйымдастырды.

         Ауданда 1996 жылдан бастап мәдени ошақтарға қиын қыстау кезеңі келді. Ауылдық кітапханалар жабылып, (Лесной хутор, Новоандреевка, Дмитриевка, Кенесары, Карабауыр ауыл кітапханаларының кітап қоры мектеп кітапханаларына берілді. Мәдениет және Орман шаруашылығы ауылдарындағы кітапханалар аукционда сатылып кетті. Аудандық кітапханада жұмыс орындары қысқарып, директор және жарты еңбек ақыда әдіскер, кітапханашы қалды.

         Жанармайдың тапшылығынан көлікпен ауылдарға шығып, мәдени қызмет ету мүлдем тоқтады.

         1997 жылдан бастап оңтайландыру басталды. Аудандық және қалалық ОКЖ біріктірілді. Қалада 12 кітапханадан 3-еуі қалды. Аудандық кітапхана қалалық кітапхана үйіне өтті. Бүгінгі күні аудандық кітапхана екі ғимаратта орналасқан.

         2002 жылы орталық аудандық кітапхананың 80 жылдық мерейтойын Мәдениет үйінде салтанатты атап өтті.

         2007 жылы «РАБИС» бағдарламасын сатып алуға байланысты кітапханалық процесстерді автоматтандыру, кітапхана жұмысын түбегейлі өзгертті. Кітапхана қорына ағымдағы түсімдер туралы ақпарат енгізуде электрондық каталогты қалыптастыру бар қарқынмен жүргізілуде.       

         Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орталық аудандық, аудандық балалар, 3 қалалық филиалдар, 29 ауылдық кітапханалар оқырмандарға қызмет көрсетеді.

         2019 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру мақсатында «Автор және оқырман», «Досым оқыған кітап» жобалары бойынша оқырмандармен жұмыстар жүргізіледі.

         Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасына сәйкес, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, сонымен қатар,  «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобаларын іске асыру мақсатында, «БІРІҢҒАЙ ОНЛАЙН-КІТАПХАНАСЫН» құру арқылы мемлекеттік кітапханалардың кітапханалық қорын электронды форматқа аудару жұмыстары қарастырылған. Осы орайда, Бурабай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі»  өлкетану тақырыбындағы кітаптарды сандық көшірмеге аудара бастады. Қордағы әдебиеттерді сканерден өткізіп, PDF форматқа көшіріп, оқырмандарға ұсынатын болады

         Халқымыздың тарихын, тұрмыс салтын, дәстүрін, мәдениетін, әдет-ғұрпын өскелең ұрпаққа барынша толық насихаттауда, кітапханаларда қызығушылық «Лада», «Көкжиек», «Асыл қазына», «Мұра», «Читай и живи ЯРКО», «Шахматный клуб», «Шабыт», «Ұлағат», «Читаем вместе», «Кітаппен дос болайық», «Шамшырақ», «Книголюб» клубтары жұмыс жасайды. Аудандық кітапханалар тарихында қандай өзгерістер болмасын аудандық кітапхана өзінің әдістемелік жұмыс жүргізу, көмек көрсету мақсатты бағыттармен қызмет атқарып келеді. Кітапхана жаңа ғасыр талаптарына сәйкес оқырмандарға қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатымен жігерлі де ынталы ізденістер үстінде. Жыл сайын әдістемелік, библиографиялық құрал шығарып, облыстық тәжірибелік семинарлар өткізіп, кітапханашылардың кәсіби шеберлік мектебі мен білімін жетілдіру курстары жұмыс жасайды.

         Оқжетпес, Веденовка ауылдық модельдік кітапханалары заман талабына сай жабдықталған.

       Қазіргі таңда аудан бойынша кітап қоры 378 357 дана, оның 232 080-сі ауылдық кітапханалар үлесінде. Мемлекеттік тілдегі әдебиеттер 108 590 дананы (ауылдық жерде –83 246) құрайды. Оқырмандардың саны – 17 540, кітап берілімі 360 930, өткізілген көпшілік іс-шаралар – 1900,Интернетке қосылғаны – 26, компьютер саны – 55,  44 – кітапхана қызметкерлері оқырмандарға мәдени қызмет көрсетеді. 

 

Кітапхана басшылары
1987 – 2007 жылдары – Островская Любовь Ивановна
2007 – 2012 жылдары – Қалиева Қымбат Кәрімқызы
2012 жылы – Серікбай Әбілмәжін
2012 – 2013 жылдары – Жамантыкова Айсұлу Қабденқызы
2013 – 2014 жылдары – Әмренова Алма Елеусізқызы
2015 – 2016 жылдары – Искендирова Қазина Салыққызы
2016 – 2017 жылдары – Уразалимова Зауреш Қазбекқызы
2017 – 2018 жылдары – Тыштыкова Айгүл Қапарқызы
Қазіргі уақытта 2019 жылдың сәуір айынан Рамазанова Назира Қуанышқызы басқарады.

 

 

Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Орталықтандырылған кітапханалық жүйе» КММ

График работы
Понедельник – четверг: 09 : 00 – 18 : 30
Четверг – санитарный день!

Біздің мекен-жайымыз ул.Луначарского 67/2, Щучинск 020000

©2020. Барлық құқықтар сақталған.