“Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көрме- инсталляция”

Тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау, өз еліне мақтаныш сезімін ұялату, патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу мақсатында Бурабай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауында тәуелсіз мемлекеттің тарихы мен жетістіктерін көрсететін «Қазақ елі», «Бәйтерек», «Тәуелсіздік монументі» монументтерінің макеттерімен үйлестіре отырып, көлемді көркем композиция жасап, қызықты, ерекше кітап инсталляциясын ұйымдастырды.Сондай – ақ, көрмеде сағат макеті көрсетілді, онда циферблаттың орнына «Қазақстанның жаһандану бастамалары», «Қазақстан-спорттық ұлт», «Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті», «ғылым және технологиялар», «ұлттық бірлік, бейбітшілік және тұрақтылық» және т.б. тақырыптар бойынша еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына өткізілген іс-шаралардың 12 фотосуреті көрсетілді, оларда арнайы QR-кодтар орналастырылған, олардың көмегімен телефонда QR-кодтарды сканерлеуге арналған қосымша болған кезде біздің іс-шараларымыздың фотосуреттері мен, сондай-ақ жылдың атақты мерейтой иелері: жыр алыбы Жамбыл Жабаев, күйші Дина Нұрпейісова, педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсарин, ақын және жазушы Мұқағали Мақатаевтың кітаптары қойылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған