«Кітапхана тәжірбиесі: Оқу. Дамыту. Насихаттау» атты семинар-практикум

Орталық аудандық кітапханада «Кітапхана тәжірбиесі: Оқу. Дамыту. Насихаттау» атты семинар-практикум өтті. Семинар басында облыстық семинардың слайдтары көрсетілді. ОКЖ директоры Н.К.Рамазанова «Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары мен түрлері» баяндама жасады. Әдістемелік- библиографиялық бөлімнің жетекшісі З.К.Уразалимова «Ұрпақтар жалғастығы» жобасының жұмысымен таныстырды, библиограф А.К.Абдыгужина «Өлкетану қоры – сандық форматта» жобасы туралы ақпарат берді. Орталық аудандық балалар кітапханасының жетекшісі Г.Т.Апенова «Досым оқыған кітап» жобасының жұмысын көрсетті. Толықтыру және өңдеу бөлімінің жетекшісі Е.М.Орлова «Функции управления библиотечным фондом. Планирование» кітапхана қорларымен атқаратын жұмыстарға тоқталды. Семинар барысында үлестірме материалдар таратылды. Оқырмандарды қызықтыратын танымдық онлайн-ойындар практикумы өткізілді. Кітапханашылар көптеген пайдалы және мазмұнды ақпараттар алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған