«Кітапханалар тәжірибесі: жаңа бастамалар мен жетістіктер» облыстық семинар

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Акмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК мұрындық болуымен Бурабай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасында «Кітапханалар тәжірибесі: жаңа бастамалар мен жетістіктер» облыстық семинары өтті. Семинардын мақсаты: Бүгінгі таңдағы кітапханалардың заманауи жана бағыттармен жұмыс істеуі және кітапхана саласындағы озық технологияларды енгізу, дамыту. Семинарға М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның директоры Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлы, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Күзембаева Анар Тілеужанкызы; М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның қызметкерлері, Ақмола облысының мемлекеттік кітапханалар жүйесінің директорлары мен әдіскерлері қатысты.Сонымен қатар М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК – ның кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы: Ж.Е. Мырзағалиева «Жаңа кезең – жаңа жұмыс түрлері» атты кітапханалық променад, яғни шет мемлекеттердегі кітапхана ісіндегі жаңашыл бағыт-бағдарлар туралы ақпарат берді. Бурабай ОҚЖ директоры: Н.Қ.Рамазанова – Бурабай ауданынындағы кітапханалар жүйесіндегі жаңа жобалар мен пандемия кезіндегі онлайн оффлайн жұмыстарындағы тәжірибесімен бөлісті. Бурабай ОКЖ -сы дайындаған семинар қатысушыларға «Кітапхана – шығармашылық алаңы» атты кітап көрмесімен таныстырылды.“TeamLab” (жобалармен жұмыс жасау) – идеядан креативті жобаларға» кітапханалық жобаларды жоспарлауынан бастап соңғы нәтижесіне дейін жеткізу жолдарын көрсетті. Семинарда баяндамалар мен әдістемелік ұсынымдардың жалғасы Бурабайдың тамаша табиғатының аясында Көкшетау қыратының ең биік жері Оқжетпес тауына, ашық аспан астында орналасқан «Ботай Бурабай» археологиялық-этнографиялық мұражайына, «Абылай хан алаңына» және өзге де қасиетті жерлерге саяхат жасалды. Семинардың екінші күні Степногорск ОКЖ-ның кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы А.Қ.Илиясова, библиограф Л.В. Саленко «Ынта. Жаңашылдық. Шығармашылық» тақырыбында тренинг сабақтарымен басталды. Семинар соңында «Кітапхана саласын жаңғырту және дамыту мәселелері» атты ашық микрофон өткізіліп, семинар қатысушылар осы екі күндік семинардан алған әсерлері мен үйреніп-білген жаңалықтарына қатысты пікірлерін ортаға салып, алдағы уақыттардағы семинар тақырыптарын және өткізу үлгілерін ұсынды. Облыстық семинар ақпараттық тағылымы мол, оң нәтижесімен сәтті өтті. Сонымен қатар қорытындысында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған