«Қарттарым –асыл қазынамыз» бейнеролик

1 қазан –Халықаралық қарттар күніне орай Бурабай ОКЖ-нің   зейнеткерлерін құттықтаймыз! Көп жылдар бойы кітапхана саласының  дамуы қосқан еңбектеріңіз үшін  алғысымыз шексіз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш, береке тілейміз! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың ауданның өсіп – өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен.  Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Еліміздің қарттары үшін жыл сайын қазан айының алғашқы күнінің орны айрықша. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған