Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын талқылау

Орталық ауыдандық кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» жыл сайынғы халыққа жолдауы талқыланды. Жолдауда айтылған барлық өзекті мәселелер біз үшін маңызды. Кітапханашылардың одан арғы жұмысы жаңа міндеттермен ғана емес, жалақымен де ынталандырылатын болады. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында 2025 жылға дейін жыл сайын мәдениет қызметкерлеріне, мұрағатшыларға, техникалық қызметкерлерге, соның ішінде кітапханашыларға еңбекақыны 20% – ға арттыруды тапсырды. Бұл мамандыққа деген құрмет, кітапханашының мәртебесін көтеру деп санаймыз. Жиналғандардың әрқайсысы өз пікірін ортаға салды. Президент Жолдауы – уақыт талабына сай жауап беретін маңызды құжат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған