Аудандық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің басшысы Әубәкірова Кенжегүл Қажымұратқызының құрметті демалысқа шығуымен құттықтау

Бүгін көп жылдар бойы кітапханамызда қажырлы еңбек еткен әріптесіміз Кенжегүл Қажымұратқызын зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтадық. Кенжегүл Қажымұратқызы орталық аудандық кітапхана жетекшісі қызметін абыроймен атқарды. Осы атаулы күнде Бурабай аудандық «мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің басшысы Д.С. Қарсыбаева Кенжегүл Қажымұратқызын зейнеткерлік демалысқа шығуымен және 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, Алғыс хат табыс етсе, Бурабай «Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» директоры Н.Қ. Рамазанова кітапхана саласына қосқан еңбегі үшін алғысын жеткізді. Ақмола облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.Шалабаевтың атынан Алғыс хатты Бурабай «Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Т. Апенова табыс етті. Кенжегүл Қажымұратқызына деген жылы лебіздерін әріптесеріміз де білдіріп, естеліктерге толы бейнероликті тамашалады. Құрметті, Кенжегүл Қажымұратқызы зейнеткерлік демалысқа шығуыңызбен құттықтаймыз. Сізге отбасыңызға амандық, денсаулық, өмірдің бар жақсылығын тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған