«Конституция – Мәңгілік елдің тұғыры» тақырыптық сағаты

Конституция – еліміздің Ата Заңы. Еліміздің Ата заңы халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, адамзат ғаламына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын! Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін!

        Осы атаулы күнге орай,  орталық аудандық кітапхана «Конституция – Мәңгілік елдің тұғыры» атты тақырыптық сағатын өткізді. Іс-шараға Бурабай аудандық полиция батальонының мамандандырылған күзет басқармасының полицейлері қатысты. Кітапханашылар тақырып бойынша ақпарат беріп, кітап көрмесіне шолу өткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған