«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акция

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, қазақ поэзиясынан үзінді оқу, еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар – намыс сияқты адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында және өзге ұлт өкілдеріне арналған «Мен қазақша сөйлеймін» атты республикалық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға аудандық орталық балалар кітапханасының, Ақылбай, Веденовка, Қатаркөл ауылдарының кітапханаларының оқырмандары қатысты. Кітапхана оқырмандары Тулапов Самуил, Селедцова Дарья, Еншина Полина, Жүзанова Дарья қазақстандық жазушылардың Отанымыз туралы мемлекеттік тілде өлеңдерін оқыды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған