«Нұр-Сұлтан–елдік пен бірліктің елордасы!» әдеби-музыкалық шығармашылық алаң

Бурабай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастырумен Ұлттық домбыра мен Астана күніне арналған, ашық аспан астындағы кітапхана аясында «Нұр-Сұлтан–елдік пен бірліктің елордасы!» атты әдеби-музыкалық шығармашылық алаңы өткізілді.
Бурабай ОКЖ заманауи кітапханаға сай мобильді кітапхана ұйымдастырып, оқырмандар QR-kod арқылы қазақтың атақты күйшілері Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісованың, Тәттімбет пен Дәулеткерей күйлерін, атақты әншілер Біржан сал мен Ақан серінің, Үкілі Ыбырай мен Балуан Шолақтың әндерін ұялы телефондары арқылы тыңдай алды.
Іс шара барысында кітап көрмесіне шолу жасалып, балаларға викториналық сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды. Мерекенің көркін кел¬тіріп, қазақ даласының ұлттық аспабында «Арман» орталығының оқушылары күй шертіп, аудандық мәдениет үйінің әншілері ән шырқады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған