«Домбырам аманатым, ата мұрам» бейне челлендж

Домбыра ежелден қуаныш пен жеңіс сәттерінде бізбен бірге болған. Біздің мәдени құндылықтарымыз, дәстүрлеріміз бен батырлық аңыздарымыз ішекті және күй әуендері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді… Қазақтар домбыраны құрметті жерде сақтаған, ал күйшілер құрметті қонақтар болған, халық оларды көтерген. Бұл игі іс осы уақытқа дейін жалғасуда. ЮНЕСКО шешімі бойынша домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мұралары тізіміне енгізілді. Домбыра үнінен біз Отан тарихының бастауын, Ұлы даланың көпғасырлық шежіресін естиміз.
Қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз!
Әр үйде біздің домбыраның үні естіліп тұрсын! Әр үйге бейбітшілік, береке болсын!
Ұлттық домбыра күніне орталық аудандық балалар кітапханасы «Домбырам аманатым, ата мұрам» бейне челлендж ұсынады.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған