Мобильді кітапхана

Оқжетпес мәдениет үйінде қазақтың атақты күйшісі, композитор Дина Нұрпейісованың 160 жыл туғанына орай, және Ұлттық домбыра күніне орай «Күй анасы – Дина» атты гала концерт ұйымдастырылып, Бурабай орталықтандырылған кітапханалар жүйесі заман талабына сай мобильді кітапхана ұйымдастырды. Мобильдік QR-kod қосымша арқылы атақты әнші-күйшілер, композитор Дина Нұрпейісова мен Құрманғазы Сағырбайұлының, Тәттімбет Қазанғапұлының күйлері мен атақты әншілер Біржан сал мен Ақан серінің, Үкілі Ыбырай мен Балуан Шолақтың әндері көшірілген. Пайдаланушылар телефондарына әнші-күйшілердің әндері мен күйлерін көшіріп тыңдай алады. Кітап көрмесіне «Қазақтың 1000 күйі», «Қазақтың 1000 әні» атты электронды дискілер мен қатар күйші, композитор Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар топтастырылған. Сонымен қатар, мобильді кітапханаға «Өлкетану қоры – сандық форматта» жобасы аясында өлкетану кітаптарын сандық форматқа көшірілген электронды кітаптар қойылған. Заман көшінен қалыспай, әлем елдерімен бәсекелестікке төтеп беруде еліміздің барлық кітапханаларының қоры цифрлық жүйеге өтуі, кітапхана қызметінің дамуына оң ықпал етіп, оның қорын құру, сақтауға мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған