«Ашық аспан аясындағы кітапхана» ашылуы

Орталық аудандық балалар кітапханасы 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөсірімдердің кітап оқу қолдау жылына орай «Ашық аспан аясындағы кітапхана» ашылуын  өткізді.

Негізгі мақсаты –  жазғы демалыс кезінде балаларды оқуға тарту, саябаққа келген демалушыларға ақпарат ұсыну. Балалардың көңілін кітапханаға аударып, кітап оқуды жандандырып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Іс шара барысында Бурабай аудандық газетінің директоры Өтелбай   Төлеуұлы Бейсеновпен Бурабай ауданының ОКЖ – нің директоры Рамазанова Назира Қуанышқызы ашық аспан астындағы кітапхананың  салтанатты ашылуымен құттықтап,  жас ұрпақты  кітап оқу арқылы, білімдерін шыңдауға шақырды. Сонымен қатар балалар өнер мектебінің оқушысы Небогова София мерекеге арнап ән орындап берді.

Балаларға арналған бағдарламада «Кім жылдам», «Тапқыр болсаң тауып көр» виктариналық сұрақтар қойылып, «Тасымалдау», «Кім жүйрік» жұмбақтары өткізіліп ойындарға белсене қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған