«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» блиц сауалнамасы

Келе жатқан, 4 маусым- мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт – санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман – тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр. №2 қалалық кітапхана және Бурабай ауылдық кітапханасы «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» блиц сауалнамасын ұсынады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған