ZOOM платформасында «Асыл қазына» өлкетану клубы аясында «Ескерткіш- ата мұрасы» кездесу кеші

Туған өлкенің тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті ауқымдағы мәдени орындар туралы мәлімет беру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихи орындарды сақтап оны қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында №2 қалалық кітапханашысы ZOOM платформасында «Асыл қазына» өлкетану клубы аясында «Ескерткіш- ата мұрасы» атты кездесу кешін өткізді. Кеш барысында Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының әдіскері Есілбаева Г.Т. «Бурабай ауданының киелі жерлері» атты бейне ролигін көрсетіп, баяндады. Археолог, қазба жұмыстарының маманы Ержанов Р.Р. Бурабай өлкесінде қанша ескерткіштер бар, қандай археологиялық жұмыстар жүргізіледы, көптеген сұрақтарға жауап беріп, ақпарат берді. Қатысушылар өз ой пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарын қойды. Іс- шараға Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің студенттері және кітапханашылар қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған