«Автор және оқырман» жобасы аясында ақын Қуаныш Ерғалиұлы Оспановпен сыр – сұхбат

Бурабай Окж-нің Орталық аудандық кітапханасы «Автор және оқырман» жобасы аясында М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасында қонақта болып, ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, облыстық, аймақтық, республикалық ақындар айтысы мен жыр мүшәйраларының жүлдегері Қуаныш Ерғалиұлы Оспановпен сыр – сұхбат өткізілді. Жобаның жұмысын жандандыру, автор мен оқырман арасындағы байланысты нығайту және өлке әдебиетін насихаттау мақсатында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында айтылып және бірнеше сұрақтар қойылды. Сонымен қатар өлеңмен ой өрген кемел ақын өзінің «Ана» және «Таксист» өлеңін оқып берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған