«Асыл қазына» клубының жұмысы аясында ZOOM платформасында тарихшылармен «Мұражай тарих айнасы» кездесу кеші

№2 және №3 қалалық филиал кітапханашылары ZOOM платформасында «Асыл қазына» өлкетану клубы аясында Ақмола облысы мәдениет, архивтермен құжаттамалар басқармасының «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану», «Әдебиет және өнер» музейлерімен «Мұражай тарих айнасы» атты кездесу кешін өткізді. Кеш барысында экскурсовод маман Бекишева Ж.С. және ғылыми қызметкер Әлменов Н.Қ. мұражай тарихымен және мұражайда жинақталған рухани, мәдени, тарихи мұраларлар жайлы слайд көрсетіп, баяндады және қатысушылар өз ой пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарын қойды. Іс-шараға Жоғары техникалық колледж студенттері және кітапханашылар қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған